"Қазгидромет" РМК 7 ақпанда дауылды ескерту жариялады.
Ақтөбе облысында қар жауады, кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады, батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -3-тен -17 градусқа дейін төмендейді. Ақтөбеде қар жауады, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с жетеді, ауа температурасы -16 градусқа дейін төмендейді.
Ақмола облысында боран, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 30 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы -13 градусқа дейін төмендейді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында синоптиктер тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады деп болжап отыр.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан соққан жел, оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 25 м/с жетеді.