Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
120
оқылды
"Қазгидромет" РМК 7 ақпанда  дауылды ескерту жариялады. Ақтөбе облысында қар жауады, кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады, батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -3-тен -17 градусқа дейін төмендейді. Ақтөбеде қар жауады, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с жетеді, ауа температурасы -16 градусқа дейін төмендейді. Ақмола облысында боран, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 30 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы -13 градусқа дейін төмендейді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау облысында синоптиктер тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады деп болжап отыр. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан соққан жел, оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 25 м/с жетеді.