Елордалық мониторинг тобы карантиндік шектеу шараларын бұзатын кәсіпкерлік субъектілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Есіл ауданында 5 ақпан күні мониторингтік топ белгіленген жұмыс тәртібін бұзған 2 қоғамдық тамақтану орнын анықтады: "Wall Street Restaurant" мейрамханасы және "The Wine Cafe" шарап бары.
Алматы ауданында 4 мекеме карантин режимін бұзды: NE Bar, «Шишка» Lounge Bar, «Ragnarok» компьютерлік клубы, «Алания» түнгі клубы.
Байқоңыр ауданының мониторинг тобы 4 кәсіпкерді карантин шараларын бұзды деп айыптады. Сонымен, үйлестіру орталығына «Какие люди» ресто-бары және «ШАШЛЫКОFF» гриль-бары жұмыс режимін сақтамағаны туралы хабарлама жолданды. Сондай-ақ, бұл тізімде Zara және ZAZA түнгі клубтары бар.
Сарыарқа ауданында сағат 22.00-ден кейін Nirvana, Chili Gril, "Угол" барлары жұмыс істеді, Basilic кафесінде келушілер саны белгіленген нормадан асып кеткен.
Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.