Еліміздің 8 өңірінде жолдар жабылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
«Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, шектеулі көріну) еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», – деді Талғат Уәли.
Ол азаматтарды дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтауға, алыс жолдарға шықпас бұрын ауа райы болжамын міндетті түрде бақылауға шақырды.