Былтырғы жылдың өзінде осындай өсімнің байқалғанынан Қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады,
"Біз перинаталдық орталықтарға ғана емес, көп салалы балалар ауруханаларына да озық технологияларды енгіздік. Бұларға 26 медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Бұл құрылғылардың дәрігерлерге көмек болары анық" дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Инна Глазебная.Биыл Шымкентте медицина саласына қатысты бірқатар атышулы оқиғалар болды. Алдымен инфекциялық ауруханада сәбиге ыстық сумен клизма қойылды. Одан кейін науқастардың қызмет сапасына шағымданған жағдайлары да кездесті. Ал, қараша айында аурухананың бас дәрігері Абылай Донбайды полиция ұстады. Оған адам ағзасын заңсыз трансплантация жасады деген айып тағылып отыр. Салада атқарылар ауқымды жұмыс бар. 2020 жылы елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі іске қосылады. Шымкенттік дәрігерлер оған бір жыл бойы дайындалды.