Ақмолада мыңнан астам автокөлік кептелісте қалды  
Ақмолада мыңнан астам автокөлік кептелісте қалды  
212
оқылды

Кешеден бері жабылған барлық бағыттағы жолдар темір тұлпар тізгіндеген мыңдаған автокөлік иесін күре жолдың бойына қаңтарып қойған,  – деп хабарлайды «Айқынның» тілшісі.

«Қазавтожол ҰК» акционерлік қоғамы тек бүгін таңғы 09:30-да барлық автокөліктер үшін республикалық маңызы бар трассалардың ашылғанын хабарлады. Ал түні бойы кептелісте тұрған мыңнан астам көлік жаңа ғана жолға шықты.   жол

«Жол алыс әрі ертерек жұмысқа  шығуға тиіс болғандықтан  шығып кеттік. Ауа райы ашылып қалар деп ойлаған едік. Бірақ боранның салдарынан түні бойы кептелісте тұруымызға тура келді», – дейді Еркін Жолдыбаев есімді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, кешеден бері жалпы саны 1670 автокөлік оның ішінде 1456 жеңіл және 214 жүк көлігі кептелісте тұрған. Облыстық тәртіп сақшылары 11 мәрте көліктермен ілесіп жүрген. Ал Щучинск-НұрСұлтан бағытында бораннан жол көрінбеуінің салдарынан алты автокөлік бір-біріне соқтығысқан.   https://youtu.be/AvXJDqTo2uE

«Екі автокөліктен өрт шықты. Абырой болғанда адамдар аман. Алты автокөлік иесіне әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 613-бабы бойынша хаттама толтырылды», – деді полицияның баспасөз қызметі.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы