«Nur Otan» партиясының депутаты жалғызбасты анаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесті
«Nur Otan» партиясының депутаты жалғызбасты анаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесті
279
оқылды

Жыл басынан бері «Nur Otan» фракциясының жаңа депутаттары қоғам өмірінен сырт қалмай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда белсенділік танытуда. Соның бір мысалы – Батыс Қазақстан облысының меценаты, «Nur Otan» партиясының Орал қалалық мәслихатындағы депутаты Нұргүл Ашықова.

Жуырда халық қалаулысы мұқтаж отбасына тұрғын үйді жөндеуге қаражат бөлді. Жалғызбасты ана Алиса Шыналиева үш баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Қазір ол жұмыс істемейді, оның отбасы жәрдемақыға өмір сүріп жатыр. Қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты пәтеріне де жөндеу жұмыстарын жүргізе алмаған. депутат Үлкен қызы оқып жатқан Орал қаласындағы 13-ші мектеп өкілдері отбасының қиын жағдайын біліп, көмек көрсетуге және еріктілерді тартуға шешім қабылдады. Өз кезегінде белсенділер қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Нұргүл Ашиковаға осы қиын-қыстау кезеңде жалғыз басты анаға баспанамен көмектесулерін сұрап жүгінді. Депутаттың арқасында еріктілер қажетті материалдарды сатып алып, іске кіріскен.

 «Бұл қаражатқа - түсқағаз, линолеум, балаларға арналған төсек сатып аламыз. Сонымен қатар, біз балаларға керекті заттар, ойыншықтар аламыз. Тіпті, шағын жөндеудің өзі – Шиналиевтер отбасы үшін үлкен көмек», – деді Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мейірбек Нұркен.

Айта кетейік, бұл депутаттың облыс тұрғындарына көрсеткен алғашқы көмегі емес. Бұған дейін Нұргүл Ашықова жол апатынан қаза тапқан асыраушысынан айрылған көпбалалы отбасына көмектескен болатын. Нұргүл Ашықова аталмыш отбасына үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесті және көпбалалы отбасыларды азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етті.

«Осы тату-тәтті отбасының балаларының өмірі мәнді де сәнді болсын деп шын жүректен тілеймін! Мен отбасына бақытты болуға көмектескеніме өте қуаныштымын. Тұрғындарға мәселелерін шешуге көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Туған өлкемізді тұрғындармен, «Nur Otan» партиясымен бірге дамытқым келеді!», – деп атап өтті Нұргүл Ашықова.