Елордалық дәрігерлер вакцина салдырудан бас тартқан
Елордалық дәрігерлер вакцина салдырудан бас тартқан
170
оқылды

Елордада бес медицина қызметкері вакцина салдырудан өз еркімен бас тартты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 2 мыңға жуық медицина маманы коронавирусқа қарсы екпе салдыратыны жоспарлануда. Алайда вакцинациядан бас тартып жатқандар да бар екен.

«1-8 ақпан аралығында бірінші кезеңге кіретін, вирусты жұқтырып алу қаупі жоғары топқа жататын 916 медицина қызметкерін вакцинациялау жоспарланды. Оның ішінде 719-ы вакцина салдырып үлгерді. 192 адамның денсаулығында екпеге қарсы көрсеткіштер болғандықтан, олар қабылдаған жоқ. Ал қалған 5 адам өз еркімен вакцина салдырудан бас тартты», деді Тимур Мұратов.

Қазір Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында КВИ-ға қарсы вакцинаның 1 531 дозасы бар.