Елімізде алдағы үш күн ішінде ауа температурасы 23-33 градусқа дейінгі аралықта төмендеуі мүмкін.
Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, 9-11 ақпан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі Скандинавия аумағынан келетін суық антициклон ықпалында болады. Сондықтан ауа температурасы 23-30 градусқа, ал елдің шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.
Ал елдің батыс өңіріне Атлантика аумағынан жететін кезекті циклон әсер етеді. Аймақта қар аралас жаңбыр жауып, салдарынан көктайғақ болады.
Сонымен қатар төңіректі қалың тұман басады екен.