Қазақстан әйелдер күштерінің альянсы әйелдер құқығы туралы Мира Мұстафина атындағы журналистер арасындағы қоғамдық сыйлыққа қатысу туралы өтініштерді қабылдауды бастады.
2021 жылдың 3 ақпаны мен 2021 жылдың 3 наурызы аралығында Мира Мұстафина атындағы сыйлыққа конкурс өтеді. Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін және елдегі әйелдер жайлы өзекті мәселелерді, қыздар мен әйелдердің өмір сүру сапасын, сондай-ақ елдегі отбасылық-гендерлік саясатты іске асыруды жария етуге бағытталған жарияланымдары бар журналистер сыйлық номинанттары бола алады. Байқауға қазақ және орыс тілдерінде жазылған мақалалар қабылданады.
Сыйлық үздік журналистерді және берілген тақырып бойынша үздік журналистік жұмыстарды, сондай-ақ Қазақстандағы әйелдердің мәртебесін арттыруға барынша үлес қосып жүрген БАҚ-тарды анықтауға мүмкіндік береді.
Байқауға келесі номинациялар бойынша қатысуға өтінім беруге болады:
«Мира Мұстафина сыйлығы: Қазақстандағы әйелдердің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін»
«Мира Мұстафина сыйлығы: Қазақстандағы әйелдер денсаулығын сақтауға қосқан үлесі үшін»
«2021 жылғы үздік БАҚ: Қазақстан Республикасында отбасылық-гендерлік саясатты іске асыруға қосқан үлесі үшін»
БАҚ редакциядан "Үздік БАҚ" номинациясына өтінім бере алады. Сыйлықтың қазылар алқасы бас редакторлар, беделді журналистер, Қазақстан әйелдер күштері Альянсының мүшелері және әйелдер құқығы мен гендерлік теңдік саласында жұмыс істейтін басқа да ҮЕҰ мүшелерінен тұрады.
Қазылар алқасының құрамына кірген азаматтар:
Қазақстан әйелдер күштері Альянсының төрайымы - Раушан Сәрсембаева
"Айқын" газетінің бас редакторы - Нұрмұхамед Байғараев
"Литер" газетінің бас редакторы - Нұрай Оразов
7 арнаның атқарушы директоры - Бақыт Әлпейісова
"Bigname" бедел менеджменті агенттігінің басшысы - Азиза Шужеева
Бионорика компаниясының гинекологиялық портфелінің менеджері, Мира Мұстафинаның қызы - Диана Мұстафина
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚазОРҒЗИ маммологиялық орталығының жетекшісі - Әлия Абдрахманова
Internews медиа-кеңесшісі - Ольга Каплина
Конкурсқа қатысу үшін автор толық аты-жөні көрсетілген alliancekz2021@gmail.com электронды поштасына ақпарат жіберуі керек; жұмыс және ұялы телефондар, электрондық пошта мекен-жайы, баспа немесе электронды ақпарат құралдарының атауы, теледидар немесе радио, сіздің жарияланымыңыздың атауы, материалдың шыққан күндері, редакцияның байланыс номері, сондай-ақ басылымға немесе бейнеге сілтеме қойылу керек.
Байқау қорытындысы 2021 жылдың 5 наурызында шығарылады. Қорытынды шығару орны жақындағанда жарияланады. Толығырақ ақпаратты әлеуметтік желілердегі Facebook-тегі ресми парақшамыздан білуге болады https://www.facebook.com/afpk.kz сондай-ақ, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қосымша сұрақтар бойынша 77016210036 нөміріне хабарласуға болады.
МИРА МУСТАФИНА АТЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ СЫЙЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
Осы Ереже Мира Мұстафина атындағы журналистер арасында қоғамдық сыйлықтың (бұдан әрі - Сыйлық) мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, Сыйлыққа ұсынылатын номинациялардың тізімін, Сыйлыққа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптарды, сондай-ақ Сыйлыққа үміткерлерді таңдау өлшемшарттарын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау тәртібін анықтайды.
Бұл марапаттау Қазақстан әйелдер күштері Альянсының бастамасымен және ұйымдастырылуымен тағайындалды.
Сыйлық өмір сүру сапасын және қазақстандық әйелдердің әлеуметтік рөлі, гендерлік теңдік және отбасылық мәселелерді жақсартуға үлкен үлес қосқан белгілі қазақстандық журналист Мира Мұстафинаның құрметіне аталған, ол.
Сыйлықтың мақсаты - қоғамдағы әйелдердің мәртебесін жан-жақты қамту арқылы көтеру, репродуктивті денсаулық пен қыздар мен әйелдердің өмір сүру сапасына қатысты өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсыну, зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жою, және Қазақстан Республикасында отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру туралы ақпаратты насихаттау.
Сыйлықтың мақсаты:
Медиа қоғамдастықтығы мен журналистердің елдегі әйел тұрғындарының өзекті мәселелерін, қыздар мен әйелдердің өмір сүру сапасына қатысты мәселерге назарын аударту, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы отбасылық-гендерлік саясатты іске асыруға тарту;
Сыйлық тақырыбындағы ең жақсы журналистер мен ең үздік журналистік жұмыстарды, сондай-ақ Қазақстандағы әйелдердің мәртебесін көтеруге көп үлес қосатын бұқаралық ақпарат құралдарын анықтау;
Азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың назарын елдегі әйелдер мен қыздардың өзекті мәселелерін шешуге аударту.
Сыйлық номинациялары:
«Мира Мустафина сыйлығы: Қазақстандағы әйелдердің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін»
«Мира Мустафина сыйлығы: Қазақстандағы әйелдер денсаулығын сақтауға қосқан үлесі үшін»
«2021 жылдың үздік бұқаралық ақпарат құралы: Қазақстан Республикасында отбасылық гендерлік саясатты іске асыруға қосқан үлесі үшін»
Сыйлық ұйымдастырушысы:
Сыйлықтың қазылар алқасының құрамын растайды;
Осы Сыйлықты ұйымдастыру туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Сыйлықтың ұйымдастырушылық және техникалық қолдауын қамтамасыз етеді;
Сыйлықтың өткізу мерзімін бекітеді;
Өтініштерді alliancekz2021@gmail.com электронды почтасына жинау, оларды қазылар алқасының мүшелеріне жеткізу және оларды қарастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
Сыйлықтың барлық рәсімдері мен кезеңдерінде ашықтықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
Сыйлықты марапаттау рәсімін бекітілген номинацияларға сәйкес ұйымдастырады;
Қажет болса, демеушілерді және Сыйлық жеңімпаздарын марапаттауға қаржылай қолдау көрсеткісі келетіндердің бәрін тартады.
Сыйлықтың қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру:
1.8.1. Сыйлықтың қазылар алқасы бас редакторлар, беделді журналистер, Қазақстан әйелдер күштері Альянсының мүшелері және әйелдер құқығы мен гендерлік теңдік саласында жұмыс істейтін басқа да ҮЕҰ мүшелерінен құрылады;
1.8.2. Сыйлықтың қазылар алқасының мүшелері alliancekz2021@gmail.com электронды почтасына келіп түскен өтінімдердің әділ қаралуын қамтамасыз етіп, бекітілген номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
1.8.3. Қазылар алқасы байқауға түскен отандық баспа және электронды БАҚ-тағы ең жақсы басылымдарды, қазақ және орыс тілдеріндегі телесюжеттерді номинацияларға сәйкес қарастырады;
1.8.4. Қазылар алқасының мүшелері әр материалға осы Сыйлық туралы ережеде көрсетілген критерийлерді ескере отырып, 1-ден 5 баллға дейін баға қояды;
1.8.5. Әрбір номинациялар бойынша қазылар алқасының барлық мүшелерінің бағалау нәтижелері бойынша ең көп ұпай жинаған материал ең үздік деп табылады. Мұндай материалдардың авторлары байқаудың жеңімпаздары атанады;
1.8.6. Егер бірнеше материалдар максималды ұпай жинаса, қазылар алқасы мүшелерінің ең көп ұпай жинаған бюллетеньдердің саны ескеріледі;
1.8.7. Байқау қорытындысы бойынша әр номинация бойынша бір жеңімпаз анықталады.
1.8.8. Қазылар алқасы деректерді бұрмалайды немесе Сыйлыққа қатысу үшін қажетті деректерді бұрмалаудан пайда табады деген күдік туындаған кез келген тұлғаға одан әрі қатысуға тыйым салуға құқылы.
Осы Сыйлыққа қатысушылар:
Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін және берілген тақырыпта (қазақ және орыс тілдерінде) белгіленген мерзім аралығында баспа және электронды БАҚ-та, республикалық телекөрсетілімде жарияланымдары бар барлық мүдделі журналистер бұл байқауға қатысуға шақырылады.
Автор alliancekz2021@gmail.com эелектронды почтасына келесі ақпаратты жіберуі керек: тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс және ұялы телефон нөмірлері, электрондық пошта мекен-жайы, баспа немесе электронды ақпарат құралдарының, теледидар немесе радионың және басылымының атауы, материалдың шыққан күні, редакторлық байланыс, сондай-ақ басылымға немесе бейнеге сілтеме;
Сондай-ақ БАҚ редактордан «Үздік медиа» номинациясына өтініш бере алады;
Байқауға қатысу негізі Ұйымдастыру комитетіне ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімі болып табылады;
Сыйлыққа қатысу арқылы қатысушы осы Ережемен келіседі, сонымен қатар оның осы Ережеде көрсетілген қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайды;
Участник Премии даёт согласие на использование Организатором и конкурсной комиссией информации и материалов, заявленных на Премию, без финансовой компенсации.
Сыйлыққа қатысушы Ұйымдастырушы мен конкурстық комиссияның Сыйлыққа өтінім берген ақпараттар мен материалдарды қаржылай өтемсіз пайдалануға келісімін береді.
Сыйлыққа қатысу арқылы және өзінің жеке деректерін ерікті түрде ұсына отырып, Қатысушы Ұйымдастырушыларға ұсынған жеке деректерді өңдеуге, оның ішінде жинауға, сақтауға, жинақтауға, жүйелеуге, нақтылауға (жаңартуға, өзгертуге), таратуға келісімін растайды. Сондай-ақ, қатысушы өзінің тегі, аты және әкесінің атын марапаттаудың интернет-ресурстарында, сыйлық иегерлері туралы жарияланымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ егер ол жеңімпаз деп танылса, әлеуметтік желілерде жариялауға келісімін береді.
Ұйымдастырушыға кез-келген ақпаратты, оның ішінде жеке деректерді ұсынған Сыйлық Қатысушысы ұсынылған ақпараттың дұрыстығына жауап береді.
Егер Қатысушы өзінің жеке деректерін өңдеуге келісім беруден бас тартса, Ұйымдастырушы оларды өңдеуді тоқтатуы керек.
Жарияланымдарға қойылатын талаптар.
Баспа немесе электронды бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдар, теледидарлар мен радио материалдары келесі тақырыптарға қойылатын талаптарға сай болуы керек: «Әйелдердің қоғамдағы мәртебесін арттыру», «Елдегі әйелдердің өзекті мәселелерін қамту», «Отбасы және гендерлік саясатты іске асыру», «Әйелдер денсаулығын қамтамасыз ету және сақтау» және «Қазақстан Республикасындағы қыздар мен әйелдердің өмір сүру сапасын жақсарту»;
Жұмыстар Интернет-ресурстарға сілтемелер түрінде, Pdf форматындағы жарияланымдар және парақтың скриншоты түрінде, сондай-ақ аудио және видео материалдар түрінде ұсынылуы керек;
Жұмыстар электрондық поштаға жіберілуі керек.
Өткізу мерзімдері.
Қатысуға және конкурстық материалдарды ұсынуға өтінімдер (бұрын жарияланған мақалаларды қоса алғанда) 2021 жылдың 3 ақпанынан бастап 3 наурыға дейін қабылданады.
Байқаудың қорытындысын шығару - 2021 жылдың 3 - 5 наурыз аралығында.
Конкурстық іріктеудің талаптары мен тәртібі.
2.3.1. Байқау жеңімпаздарын қазылар алқасы ұсынылған материалдар негізінде келесі талаптар бойынша анықтайды:
- Мақаланың өзегі - қазақстандық қоғамдағы әйелдердің мәртебесін және гендерлік теңдікті арттыру;
- Сыйлық тақырыбына сәйкес әлеуметтік мәселенің өзектілігі;
- Қыздар мен әйелдердің өмір сүру сапасын жақсарту, әйелдер денсаулығын сақтау және басқа мәселелер бойынша ұсынылған шешімдердің болуы;
- Материалдың ақпараттық байлығы, тақырыптың тереңдігі;
- Презентация стилі және материалды ұсынудың кәсіби шеберлігі, аудиторияға әсер ету күші;
Ақпаратты ұсынудағы объективтілік және сындарлы тәсіл.
2.4.1. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды. Байқаудың қорытындысын шығаратын қазылар алқасының отырысы жабық. Ұйымдастырушылар қабылданған және жарияланған шешімдерге түсініктеме бермеуге құқылы.
2.4.2. Байқауға ұсынылған материалдар Сыйлық Ұйымдастырушыларының немесе қазылар алқасы мүшелерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жариялануы мүмкін.
2.4.3. Жеңімпазды марапаттау рәсімі. Сыйлық жеңімпаздары деп танылған материалдардың авторлары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.
2.4.4. Осы Ереже Сыйлыққа қатысудың жалғыз ресми ережелері болып табылады.
Қосымша сұрақтар бойынша 87016210036 номеріне, жұмыс күндері, 10:00-18:00 дейін хабарласыңыз.