Алматы облысында өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің тағы бір қаулысы шықты.
50-ден аса орынға арналған қоғамдық тамақтандыру нысандары, кезекші топтарды қоспағанда мектепке дейінгі ұйымдар, ойын-сауық нысандары, бассейндердің қызметі тоқтатылады.
Қаулы бойынша бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамның бірге жүруіне және 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қойылды.
Қабылданған құжатқа сәйкес, 2021 жылдың 11 ақпанынан бастап бірқатар шектеу шарасы жеңілдейді.
"Діни нысандардың қызметіне, мешіттерде намаз оқуға (бес намаз) рұқсет етіледі, бірақ 30 пайызға толмай, 100 адамнан көп құлшылық етуге болмайды. Намазды тек ауылдық жерлерде, 150 адамға дейінгі мешіттерде оқуға рұқсат етіледі, бірақ сыйымдылығы 25 пайыздан аспауы керек. Қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) қызметіне 50 пайыз сыйымдылықпен рұқсат беріледі, бірақ 50 орыннан аспауы қажет", – делінген құжатта.
Қаулыда тамақтану объектілерінің жұмыс кестесі белгіленді. Сонымен қатар сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда нысандарының, моншалардың, спа-орталықтардың жұмысына белгілі бір жағдайларда рұқсат берілетіні айтылған.