Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі жабылған.
Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» жолының 1353-1425 шақырымы.
«Қызылорда-Павлодар» жолының 1066-1135 шақырымы, Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» жолының 1291-1353 шақырымы.
«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-200 шақырымы, «Нұр-Сұлтан - Щучье» жолының 18-231 шақырымы.
Павлодар облысында «Қызылорда-Павлодар» жолының 1135-1206 шақырымы.
Алматы облысында «Үшарал-Достық» жолының 83-184 шақырымы.
Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Семей» жолының 10-198 шақырымы жабық тұр.
«Нұр-Сұлтан-Қарағанды» автожолында 67 фура мен 70 адам, «Нұр-Сұлтан-Щучье» автожолында 240 техника мен 650 адам, Ақмола облысында «Екатеринбург – Алматы» жолында, Аршалы кентіне жақын жерде 37 техника мен 107 адам, «Щучье - Нұр-Сұлтан» автожолында Щучье қаласына кіреберісте 200 техника мен 575 адам, Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Семей» автожолында Семей қаласы мен Герасимовка кентіне жақын жерде 17 автомобиль мен 45 адам, Қарағанды облысында барлығы 264 техника мен 630 адам кептелісте тұр.
7 ақпаннан бастап ТЖМ ахуал орталығында республикалық жедел штаб жұмыс істеуде. Оның құрамына «Қазавтожол» ҰК АҚ және «Қазақавтодор» ЖШС де кірді. Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында да осындай штабтар жұмыс істеуде.