30 жылға жуық құжатсыз жүрген зейнеткер
30 жылға жуық құжатсыз жүрген зейнеткер
5,203
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы «Nur Otan, » партиясының Бесқарағай аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына көп жылдан бері жеке куәлігін ала алмаған зейнеткер келіп, партиядан көмек сұрады.

– Зейнеткердің өтінішінен кейін тиісті орындарға хабар­ласып, мәселенің шешілуіне атсалыстық. Арада көп уақыт өтуіне байланысты зейнеткерге жеке куәлік рәсімдеу біршама уақытқа созылды. Мәселені шешу барысында аудандық көші-қон полициясына, ШҚО ІІД-не сұрау салынды. Нәти­жесінде, мәселе оң шешімін тап­ты, – дейді «Nur Otan» пар­тия­сының Бесқарағай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Омаров. Белокаменка ауылының тұрғыны Л.Шостак КСРО үл­гісіндегі паспорты Қазақстан тәуелсіздік алып, құжаттар жаңа үлгіге ауысқан тұста, дер кезінде жеке куәлігін рәсімдей алмаған. Жеке куәлігінің болмауына бай­ланысты зейнеткерге зейнета­қы­ны алуға, қандай да бір жәр­де­ма­қыны рәсімдеуге, меди­ци­налық ем алуға мүмкіндігі бол­маған. – Көптен күткен жеке куә­лік­ті алып, бүгінге дейін ала ал­май жүрген зейнетақымды және де өзге мемлекет тара­пы­нан берілетін әлеуметтік көмекті алуға мүмкіндік туды. Осы мәсе­ленің нәтижелі шешілуіне ті­ке­лей ықпал еткен «Nur Otan» пар­­­тиясына алғысымды ай­та­мын, – деді зейнеткер Л.Шостак.

Әбілмансұр ЖАСАН