Депутатқа ескерту жасалды
Депутатқа ескерту жасалды
232
оқылды

«Nur Otan» партиясы әл-Фараби  аудандық  филиалына қарасты Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Шараға партия филиа­лы басшылығы, бюро мүшелері, БАҚ өкілдері қатыс­ты. Мәжілісте Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі  Бақыт Қыдырбаевтың партиялық жауапкершілігі қаралды.

Осыдан бірнеше күн бұрын «Айғақ» телеарнасында «Халық қалаулысы кәсіпкерге не үшін шүйлікті?» атты репортаж жа­рық көріп, онда депутат  Бақыт Қыдырбаевтың құрылыс ны­са­нында болғаны, мердігер ком­пания жұмысшыларына дөрекі сөйлегені, Әдеп кодексін сақта­мағаны туралы айтылды. Бақыт Съездұлының ай­туын­ша, сол күні ол құрылыс жү­ріп жатқанын көріп мән-жайын сұраған, бірақ артық еш нәрсе айтпаған. Шымкент қа­лалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Төрайым Сұлтанова әріптесіне қара­пайым болу керегін ескертті. – «Nur Otan» – халықтық партия. Халық бізді депутат етіп сайлады, халықты сыйлап, құр­меттеуге, адал қызмет етуге, се­­ні­мін ақтауға шақырамын, – деді ол. Ал бюро мүшесі Ерлан Айтбаев партиялық этиканы бұзған партияласына ескерту беру туралы ұсыныс айтты. «Nur Otan» партиясы әл-Фараби аудан­дық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Заңғарбек Усупахметов депутатты халық­тың және Елбасының сенімін ақтауға шақырып, партия ере­желері мен Жарғысын сақтауды ескертті. Партияның негізгі ұстанымы – елге қызмет ету. Сондықтан  ха­­лық­пен бірдей болу және депу­таттық этиканы сақтау аса маңызды міндет. Бюро мүшелері келесі жолы мұндай мәселелер қай­таланбайды деген ойын біл­діре отырып, Бақыт Қыдырбаев­қа «ескерту берілсін» деген ше­шім шығарды.

Әбілмансұр ЖАСАН