Арнайы аппарат тапсырды
Арнайы аппарат тапсырды
232
оқылды
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық фи­­лиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Батпақұлова облыс тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қал­­­­­мады, әрқайсысына тү­сі­ніктеме мен кеңес берілді. «Арба» қоғамдық бірлес­тігінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Батпақұловаға облыс тұрғыны денсаулық жағдайына байла­ныс­ты тірек-қимыл жүйесі ап­па­ратын алуға өтініш білдірді. Тұрғынның денсаулығы екінші рет жүрек талмасы (инсульт) ал­ғандықтан күрт нашарлап, нәтижесінде қозғалыс кезінде қиындықтар пайда болған. Ха­лық қалаулысы өтініш иесінің тілегін орындап, қоғамдық бір­лестік жанынан тірек-қозғалыс аппаратын сыйға тартты. Қоғамдық қабылдау бөл­месінде әр мәселеге жіті назар аударылып, істің себеп-салдары анықталды. Сондай-ақ ма­ман­дардың кеңестері қажет бо­латын өтініштер қабылданып, жауабы міндетті түрде өтініш бе­ру­шілерге жіберілетіні ай­тылды.

Әбілмансұр ЖАСАН