Ет консервілерін өндіретін зауыт салынады
Ет консервілерін өндіретін зауыт салынады
217
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы ақпарат орталығының хабар­лауын­ша, Ұлан ауданында ет консервілерін өндіретін зауыт салынады.

Ақпаратқа сәйкес, қазір ауданда Өскемен құс фабрикасының үш объек­тісі салынып жатыр. Ет және ет өнімдерін өндіру бойынша үл­кен кластер құру жоспарланған. Ге­ра­симовка ауыл шаруашылығы ба­засында 5 мың басқа арналған бор­дақылау алаңының, ет кон­сер­­вілерін өндіру зауытының құ­ры­лысы басталған. Жобаның жал­пы құны – 700 млн теңге. Құ­ры­лыс жабдықтарын жеткізу үшін Ресеймен келісімге келген екен. Жоспар бойынша биыл сәуір-мамыр айларында ішкі құры­лыс жұмыстары аяқталады. Нә­ти­жесінде, кәсіпорын күніне 25 тон­­наға дейін ет, 8 мың данаға дейін кон­серві шығармақ. Кейін өнім­дер­ді Ресей мен Қытайға эск­порт­тау қол­ға алынады.

А.ЖОЛДАС