Ескелді ауданы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Баймұханов: «Тергеушілер оның Алматы облысында 26 ұрлыққа қатысы барын анықтады. Қарабұлақ, Шымыр, Бақтыбай, Балпық би, Талдықорған және өзге де елдімекендерде ұрлық жасаған. Тапа-тал түсте жеке үйлерді тонаған. Жалпы материалдық шығын 15 миллион теңгеден асады. Күдікті қамауда отыр», – деді.
Ұры көбінесе алтын зергерлік бұйымдар, ұялы телефондарды үптеп кеткен. Тергеу басталды.