Науқас әйелге көмекке ұшып бара жатқан ұшақ тас жолға қонды
Науқас әйелге көмекке ұшып бара жатқан ұшақ тас жолға қонды
215
оқылды

Әуеде АН-2 санавиация ұшағының қозғалтқышы істен шыққан.

Өскеменнен Зайсанға бет алған ұшақтың қозғалтқышынан ақау шығып, кері бұрылған. Бірақ санитарлық авиация ұшағы әуежайға жете алмай, тас жолға қонуға мәжбүр болды. Ішінде үш экипаж мүшесі мен екі дәрігер болыпты. Олар Зайсан қаласында инсульт алған әйелге көмекке ұшып бара жатқан.

Жедел жәрдем станциясы санитарлық авиация бөлімінің меңгерушісі Рафаэль Халитов: «Экипаж мүшелері ұшақты қауіпті жағдайда жерге қонды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ұшаққа зақым келмеген. Қазір әуе компаниясы оны жеткізуді қарастырып жатыр», – дейді.