Шымкент адам саудасынан көш бастады
Шымкент адам саудасынан көш бастады
264
оқылды

Мойындау керек, қоғам қатыгезденіп барады. Өлтіріп кете салу, әйелді, баланы зорлап кету, адам ұрлығы, адам ағзасын сату, атасы мен келіннің, күйеубала мен ененің арасындағы махаббат деген түкке тұрғысыз болып кеткен сияқты. Мұндай түршігерлік оқиғаларға құлақ та, бой да үйреніп барады. Мәселен, былтыр республикада адам саудасы қылмысы бойынша 43 дерек тіркелсе, соның 41-і Шымкент қаласында болған. Ал кәмелетке толмағандар саудасы бойынша республикада болған 20 деректің 11-і – Шымкент  қаласынан!

Сұмдық емес пе? Сенбейін десең, бұл мәлімет Бас прокуратураның Құ­­­қық­тық статистика және арнайы есеп­ке алу жөніндегі комитетінің ресми парақ­ша­сын­да жарияланған. Естеріңізде болса, жуырда Шымкент қа­ласының тұрғыны өзінің арнайы ин­тернатта тұратын 1-топтағы мүгедек қы­­зына мекеме қызметкерлерінің спи­раль салдырып тастағанын мәлім­деп, бейнеүндеу жариялады. Құқық қор­ғау органдары бұл жайттан хабар­дар. Алайда тергеу шараларының со­зы­лып кеткеніне наразы болған ана ерік­сіз ғаламтор арқылы қоғамдық ре­зо­нанс тудыруға мәжбүр болған. Үш ба­­­ласымен күйеуі тастап кеткен ана ДЦП және талма диагнозы қойылған үл­кен қызын 2011 жылы Шымкент қа­­­­ласындағы №2 қалалық мүгедектер ин­тер­натына тапсырған. 2011 жылы «қыз» деп көрсетілген науқас тарихында 2012 жылы «спираль салдырған» деп жа­зылыпты. Жалғызбасты ана қызын 8 жыл­дан бері зорлап келген деп ішкі істер ор­гандарына арыз жазған. Бұл туралы кейін Шымкент қаласы Полиция де­партаменті бірнеше рет жасалған зор­лау әрекеті бойынша қылмыстық іс қоз­ғал­ғанын хабарлады. Ресми өкіл қыл­мыстық кодекстің 120-бабы 2-бө­лі­гінің 4-тармағымен (бір­неше рет жа­­­салған зорлау) сотқа дейінгі тер­геп-тексеру амалдары жалғастырып жат­­қанын, тергеумен тиісті сарап­та­ма­­­лар және бірқатар тергеп-тексеру жұ­­­мысы жүргізіліп жатқанын атап өт­ті. «Сотқа дейінгі тергеу аясында ме­­­­­ке­меде жұмыс істейтін барлық ер адам мен 2010 жылдан бері жұмыс іс­те­­ген азаматтардан жауап алынуда» деп ай­тылған ресми хабарламада. Ал бү­гін­де ин­тернат Шымкент қаласы әкім­дігінің Жұ­мыспен қамту және әлеу­меттік қор­ғау басқармасының қа­рамағында бол­ғандықтан, басқарма ма­мандары жатыр қуы­сына енгізілетін іші­лік құрал қыз ба­лаларға емес, әйел аза­матшаларға ғана салынатынын айтады. Бұл туралы Ден­саулық сақтау министр­лігінің арнайы бұй­рығы да бар екен. Әлсіз топтың ша­­ра­­­сыздығын пайдаланып, айуандық жа­саудың бұ­дан өткен қатыгездік әрекеті бол­мас. Ай­тар­ға сөз жоқ. Ал былтыр Шымкент қаласындағы көп­­қабатты үйлердің кіреберісінде бел­гісіз ер адамның зейнеткерді зорламақ бол­ғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны туралы ақпарат көпшіліктің жа­ғасын ұстатқан. Иә, осылайша іздей берсеңіз, шыға береді. Айтпағымыз, адамдар неге қаты­гез­де­ніп кетті? Ресми деректерге сүйенсек, соң­ғы жылдары бұзақылық, ұрлық, то­нау, қарақшылық, қорқытып алу сын­ды қылмыстардан гөрі ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны бірнеше есе көбейген. Әрине, қылмыстың қай-қай­сы­­сы болса да жақсы емес. Дегенмен жан­­түршігерлік ауыр қылмыстардың шек­­тен тыс көбеюіне не себеп екен деген ой мазалайды. Өткен жылы елімізде жарияланған тө­­тенше жағдайға байланысты тұр­ғын­дардың үйден шықпауы да әсер ет­­се керек, қылмыстық жағдай күрт тө­­­мен­деген еді. Обалы не керек, жыл бойы жал­ғ­асып келе жатқан карантиндік шек­теу­лерге байланысты өткен 2020 мен 2019 жыл­да болған қылмыстық оқиғалардың ара­­­сында едәуір айырмашылық бар. Көп­­теген қылмыс көрсеткішінің төмен­де­­генін байқаймыз. Мысалы, Шымкент қа­­ласында ұрлық алдыңғы 2019 жылы 7 891 дерекпен тіркелсе, оның саны был­­тыр 4 192-ге тұрақтаған. Оның ішін­де ұя­­лы телефон ұрлығы 2 927-ден 1 565-ке, пәтер ұрлығы 1 828-ден 764-ке, мал ұрлығы 90-нан 61-ге және тонау 345-тен 178-ге, бұзақылық 412-ден 290-ға төмендеген. Демек, бұзақылық әре­­­­кеттер мен ұрлыққа былтыр тұсау са­­лынған жыл болған екен. Алайда осы қылмыстардың ашылуы 71-ден 31 пайызға азайған. Ішкі істер қыз­мет­­керлерінің мұндай қылмыстарды ашу­­ға мүмкіндігі болмаған да шығар, кім білсін? Есесіне былтыр күрт өскен қа­­тыгездік әрекеттегі қылмыстардың қа­­сын­­да ұрлық-қарлық баланың ойы­­нындай көрінген шығар?! Бас прокуратураның құқықтық ста­тистика және арнайы есепке алу жө­ніндегі комитетінің мәліметтеріне сүйен­сек, жоғарыда атап өткеніміздей, Шым­кент қаласы адам саудасынан көш бас­тап тұр. Одан соң аса ауыр қылмыс 55-тен 67-ге, ауыр қылмыс 1 618-ден 3 632-ге бірден өскен. Ал қылмыстың ашылуы 52 пайызды ғана құрап отыр. Бай­қап отырғандай, шымкенттік поли­цей­лердің қылмысты ашу деңгейі көңіл көншітпей тұр. Сонымен қатар отба­сы­на және кәмелетке толмағандарға қар­сы қыл­мыс 7-ден 18-ге көбейген. Эко­но­микалық қызмет саласындағы қыл­мыс­тық құқықбұзушылық 102-ден 208-ге, жемқорлық 43-тен 78-ге, есірткімен бай­ланысты қылмыстар 229-дан 309-ға, экстремизм және терроризмге қарсы қыл­мыстық құқықбұзушылық 6-дан 25-ке, терроризмді насихаттау немесе тер­роризмдік акт жасауға жария түрде ша­қыру 1-ден 7-ге ұлғайған. Деректерге қарағанда, 2019 жыл мен 2020 жылдағы қылмыстық ахуалда едәуір айыр­машылық бар. Айтса айтқандай-ақ, көбейгендердің дені – ауыр қылмыстар. Қа­лай болғанда да, қоғамды азғындық жай­лап барады. Азғындық деректерді бір жылдың ішінде 2-3 есеге көбейтіп алдық. Дәл бұлай жалғаса берсе, соңы не болары беймәлім. Ал оны ауыздықтайтын тәртіп сақшылары дәрменсіз... Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы