Коронавируспен күресуді үйрендік
Коронавируспен күресуді үйрендік
169
оқылды

Қарағанды облысында «Казино» жедел алдын алу іс-ша­ра­лары барысында 16 ойын мекемесінің заңсыз қыз­ме­тінің жо­лы кесілді. Теміртауда алкоголь өнімдерін өндіретін же­рас­ты цехы жабылды.

Өңірде көлеңкелі экономи­ка­ны азайту, бизнесті қорғау және сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасы жұмыс істейді. Оның ішінде қыл­мыстық топтардың Жезқазған жә­не Сәтбаев қалаларындағы қыз­меті де әшкереленді. Жалған 100 долларлық банкноттарды сату тоқ­татылды. Мұнай және мұнай өнім­дерінің заңсыз айна­лы­мы фак­тілері бойынша 5 қыл­мыстық құ­қықбұзушылық,  Нұра ауданындағы «Қараадыр» кен ор­нында заңсыз өндіру фак­тісі анық­талды. Аймақ басшысы Жеңіс Қа­сым­бек Мемлекет басшысының Үкі­меттің кеңейтілген отыры­сын­да және реформалар жөнін­де­гі жоғары кеңесте берген тап­­­сыр­ма­лардың өңірде қалай орын­да­ла­тыны туралы хабарлады. Қарағанды облысында өткен жы­лы Мемлекет басшысының тұр­ғын үйдің қолжетімділігін арт­­тыру туралы тапсырмасы орын­­далды. 2020 жылы облыс бойын­­ша кезекте тұрған 1 528 адам пәтер алған. Оның ішін­де коммуналдық тұрғын үй қо­ры­нан – 897, ипотекалық несие­леу бағдарламасы бойынша – 102, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ же­лісі бойынша несиелік тұрғын үй – 124, «Бақытты отбасы» бағдар­ла­­­масы бойынша – 365 және де­меушілер есебінен – 40. Өткен жыл­дан бастап «Шаңырақ» (5-10-20) пилоттық жобасы бойынша тұрғын үй қарыздарын беру бас­тал­ды – бұл «Нұрлы жер» бағдар­л­амасының жаңа бағыты. Ауыл шаруашылығы өнім­де­рін өндіру 6,5% өсіммен 429 млрд теңгеге жоспарланып отыр. Аг­роөнеркәсіптік кешенде 1 459 жұмыс орнын құратын 36 ин­вестициялық жобаны іске асыру белгіленген. Мемлекет бас­­­шысының тапсырмаларын орын­дау үшін облыста жедел әрекет ету және тұрақты әлеуметтік-эко­номикалық жағдайды сақтау бойынша дағдарысқа қарсы жос­пар жасалған. 2021 жылы Қарағанды облы­сын­да тұрақты жұмыс орындарын құру басым бағыттарға айналады. Кәсіпкерлікті қолдау жалғасады. «Бастау Бизнес» курстарында 2021 жылы 1 500 адамды оқыту жос­­­парлануда. 2 500-ден астам жұмыс ор­нын құратын 2 мыңнан астам жо­баны іске асыруға қаражат қа­рас­тырылған. «Еңбек» және «Жұ­мыспен қамту жол картасы» бағ­дарламалары бойынша қарас­тырылған шараларда 36,5 мың адамды қамту жоспарланды. Жұ­м­ыс­пен қамтудың жол картасы бойын­ша биыл отандық тауарлар өндірумен және қызметтер көр­сетумен айналысатын кәсіп­кер­лерге қолдау көрсетіледі. – Өткен жылы жұмыспен қам­ту бағдарламаларымен 50 мыңнан астам адам қамтылды. 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 19 575 тұрақты жұмыс орны. Қазір еңбек нарығындағы жағ­дай тұрақты. Биыл құры­лыс және тұрақты жұмыс орын­да­рын құру басымдыққа ие. Сон­дай-ақ ЖҚЖК аясында не­сие беру арқылы кәсіпкерлік субъек­тілеріне қолдау көрсетіледі. Қазір жұ­мысты бастау керек, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. Соңғы 5 жылда әлеуметтік қор­ғау саласын қаржыландыру 3,5 есеге артты. Сондай-ақ әлеу­­­­мет­тік қорғау жүйесіндегі ба­сым мәселенің бірі – мүгедек адам­дардың өмір сүру сапасын жақ­сарту. Қазір өңірде 67 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тұра­ды. Әлеуметтік қызметтер пор­талы арқылы 2021 жылы олар ОТҚ-ның 55 түрімен және қыз­меттермен қамтамасыз етіледі. Енді мүгедектігі бар адамдар өз­де­рінің жеке қажеттіліктеріне қа­рай техникалық құралдар мен оңал­туды өз бетінше таңдай ала­ды. Өңір бойынша ашық фронт-кеңселер жұмысын жалғастырады. Мы­салы, Open Karaganda қыз­мет­­керлері 4 351 тұрғынның мә­­се­ле­сін шешуге көмектесті. Не­­гізгі жаңа­лықтардың бірі – «Е-Өтініш» пи­лоттық жобасын іске қосу. Жүйе халықпен кері байланысты жыл­дам әрі тиімді қолдауға мүм­кін­дік береді. Қарағанды облысында қол­ма-қол ақшасыз төлемдер саны 3,7 есеге артты. Екі жылдың қо­ры­­­тындысы бойынша заңды тұл­ғалардың ақшалай қаражатты қол­ма-қол ақшаға айналдыру кө­ле­мі төмендеді. Бизнес-ахуалды жақсарту үшін жағдай жасалуда. 2020 жылы 3,7 мыңға жуық бизнес-жоба қар­жылық қолдауға ие болды, 2,6 мың адам оқытылды. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында 30 мыңнан астам кәсіпкердің салығы, екінші деңгейлі банктердің несиелері жә­не жалдау ақысы бойынша төлемдері кейінге қалдырылды. тағам Қарағанды облысында 1 ақ­­пан­нан бастап мектептерде 1-2-сы­нып оқушылары тегін та­­­­мақтана бастады. Инклюзивті білім­ге ерекше назар аударылмақ. Қа­ра­ғанды, Теміртау, Балқаш қа­ла­ларында және Шет ауданында 10 инклюзивті топ ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар облыс орта­лығында тағы бір психологиялық-ме­дициналық-педагогикалық кеңес беру және Қарағанды мен Сә­т­­­баевта екі түзету кабинеті жұ­мыс істей бастайды. Биыл об­лыста 1 500 орынға шақ­тал­ған 15 жекеменшік мек­теп­ке дейін­гі ұйым ашылмақ. Ай­та кету керек, мектепке дейін­гі ме­ке­­мелердің сапасын енді он­лайн бағалауға болады. «Ин­ди­го» платформасында кез келген ата-ана тамақтану, педагогтің бі­­ліктілігі және тағы басқа не­гіз­гі көр­сеткіштер бойынша бала­бақ­шаға баға бере алады. Алдағы 3 жылда Қарағанды об­­лысында 7 денсаулық сақтау ны­­саны салынады. Олардың ішін­­де биыл Қарағандыдағы об­лыс­­тық көпбейінді балалар ауру­ханасының, Майқұдық және Сұ­рып­тау шағынаудандарында жедел медициналық жәрдем стан­сасының құрылысын аяқ­тау көз­делген. Ауылдарда фельд­шер­лік-акушерлік пункттерге деген жоғары қажеттілік әлі де бар. 2 жыл ішінде ФАП-пен 31 ел­ді ме­кенді қамту жоспарланған. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағ­­­дар­ламасы бойынша Нұра ау­д­а­нының Кертінді ауылында фельд­шерлік-акушерлік пункт са­лынады. Облыс медициналық кадр­лар­­мен қамтамасыз етудің жо­ғары пайызын көрсетіп отыр. Биыл ме­дициналық оқу орын­да­ры­­ның 357 түлегі өңірде қалды. Дә­рі­герлерді тұрғын үймен қам­­­тамасыз ету бағдарламасы жал­­­­ғасады. Алдағы 2 жылда 300-ге жуық пәтер бөлінеді. Об­лыста «жасыл» энергетика да­мып келеді. Балқашта жаңа күн электр стансасын іске қосу жоспарлануда. Саран мен Аға­дыр­дағы қосымша күн қуаты мә­се­лесі шешілуде. Биыл облыста 2022 жылы іс­ке қосылатын 6 ірі жоба іске қо­сылады. Аграрлық салада 20 ин­вестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Өңірде мал шаруашылығы дамыған. Ет жә­не сүт өндіретін жаңа фермалар ашы­лады деп күтілуде. Оның айтуынша, биыл ауыл-шаруашылық өнімінің 6,5%-ға өсуі жоспарланған. Өткен жы­лы облыста 151,1 мың тонна ет, 502,6 мың тонна сүт, 664 млн да­на жұмыртқа өндірілді. 2020 жыл­дың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5,7%-ға артып, 398,7 млрд теңгені құрады. 2021 жылы АӨК-де еңбек өнімділігін 17,5%-ға өсумен 4591,3 мың теңгеге дейін арттыруға және өңделген өнім экспортын 20%-ға ұлғайтуға бағытталған шаралар кешені іске асырылады. Мал шаруашылығында асыл­тұқымды малдың үлесін ұлғайту ынталандырылады. «Сыбаға» бағ­дарламасы бойынша 10 мың бас ірі қара және 20 мың ұсақ мал сатып алынады деп күтілуде. Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған азық құнын арзандатуға 714 млн теңге бөлінді. Қарағанды облысының ауыл­­­дарын «Ауыл – ел бесігі» бағ­дар­ла­масы бойынша дамыту жал­ғас­тырылады. Биыл Осакаровка, Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қар­­қаралы, Нұра және Шет ау­дан­дарындағы 11 ауылдық елді ме­кенге көңіл бөлінеді. Олар әлеу­меттік, құрылыс және ТКШ сала­ла­рында 19 жобаны іске асыруды көз­деп отыр. Жалпы жолдарға ке­летін бол­сақ, «Ауыл – ел бесігі» бағ­дар­­ламасы бойынша облыстың 3 ауданында 35 шақырым ауы­л-і­­ші­лік жолдар жөнделеді. Мем­ле­кеттік бағдарлама 2027 жылға дейін есептелген. Облыстың бар­лық тірек және серіктес ауыл­да­рын қамту міндеті тұр. – Биыл барлық ауданды қамту қа­жет. Біз жобаның арқасында ауыл­дардың инфрақұрылымы жақ­сарып, тірек және серіктес ауыл­дарда тұратын ауыл тұрғын­да­рының кәсіпкерлік белсенділігі ар­тып, тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететінін көріп отыр­мыз, – деп атап өтті Жеңіс Қа­сымбек. Өткен жылдың қорытындысы бойын­ша «Ауыл – ел бесігі» ар­найы жобасы аясында 47 жоба бойын­ша жұмыс жүргізілді. 2020 жылы бұл бағдарламаны қар­жыландыру 4 еседен астам ұлғай­ды. 9 жалпы білім беретін мектеп пен 1 спорт мектебі жөнделді, 2 ау­дандық аурухана мен дәрігерлік ам­булатория ғимараты жөнделді. 25 шақырым су құбыры желілері қай­та жаңартылды. 70 шақырым кен­тішілік жолдарға жөндеу жұ­мыстары жүргізілді.

Ләззат ҚОЖАХМЕТ, Қарағанды облысы