Оның айтуынша, Алматы облысы Ескелді ауданындағы Ешкіөлмес, А.Алдабергенов және Көксу ауданының Талапты ауылын су басқан.
«8 ақпан күні түнде Алматы облысының ТЖД-ға 3 елдімекенінде 40 жеке тұрғын үйдің ауласын су басқаны туралы хабар жетті. Құтқарушылар Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында оқиға орнынан 10 адамды эвакуациялады. Олар орта мектепке орналастырылды. Мотопомпалардың көмегімен су сорғытылды. ТЖД-да жедел штаб құрылды. Хабарласу үшін жедел желі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта арықтарды тереңдетіп, бөгет салып жатыр», – деді Талғат Уәли.
Су басқан ауылдарға Алматы облысы ТЖД-ның 67 қызметкері мен 15 бірлік техника, 18 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 28 қызметкер, 5 бірлік техника және 5 бірлік мотопомпа, АПБ 7 қызметкер, 3 бірлік техника жұмылдырылды.