Каирде спектакльді үйдің балконынан көруге болады
Каирде спектакльді үйдің балконынан көруге болады
119
оқылды

Каирде енді театрдағы спектакльді үйдің балконынан көруге болады.

Египет астанасында Мәдениет министрлігінің бастамасымен жылжымалы театрлар ашылды. Олар шаһардың кедей аудандарындағы халыққа театрды қолжетімді етпекші.

Сол үшін қойылымға қажетті сахна мен құрал-жабдық жүк көлігімен тасымалданады. Қалада алғашқы театр қаңтардың соңында ашылды. Енді елдің өзге де провинцияларында ұйымдастырылмақшы.