Сегіз облыста ескерту жарияланды
Сегіз облыста ескерту жарияланды
135
оқылды

10 ақпанда Қазақстанның сегіз аймағында қатты жауын-шашын, тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.

Ертең Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Ал Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Сондай ауа райы Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде де болуы мүмкін.  Оңтүстік-шығыстан, шығыстан қатты жел соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын қар мен тұман басады. Қызылорда облысының кей жері көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Петропавлда күндіз батыстан жел соғады. Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашынның арты қарға ұласуы ықтимал. Шымкентті ертең тұман басуы мүмкін.