Екі отбасына қолдау көрсетті
Екі отбасына  қолдау көрсетті
197
оқылды

Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мағжан Ералиев әлеуметтік жағынан аз қамтылған екі бірдей отбасына қаржылай қолдау көрсетті.

Атап өту керек, партия филиалда­рының қабылдау бөлмелерінде ар­найы бекітілген кестеге сәйкес фрак­ция мүшелері тұрғындарды қа­былдап, көтерілген мәселелердің оң ше­шілуіне ықпал етуде. Мәселен, пар­тия ғимаратында қабылдау өткіз­ген облыстық мәслихат депутаты Мағжан Ералиев екі бірдей әлеу­меттік жағдайы төмен отбасына қаржылық жағынан көмектесті. Халық қалаулысының қабыл­дауына алғаш келген қала тұрғыны Жансая Жақсылықова асыраушысы­нан айырылып, жалғыз өзі үш бала тәрбиелеп отыр. Өзі жұмыссыз әрі жалдамалы пәтерде балаларының жәрдемақысына күн көріп отырған ол азық-түлікпен қолдау көрсетуге көмек сұрады. Ал көпбалалы ана Жанар Ләпбаева қазір жолдасының жұмыс­қа жарамсыз екенін алға тартып, жалдап тұрып жатқан пәтер ақысын өтеуге қаржылай қолдау болса деген өтінішін жеткізді. Жалпы, қабылдауға келушілердің басым бөлігі материалдық көмек жө­нінде өтініш білдірді. Фракция мү­шесі әрбір азаматтың көтерген мәсе­лесіне қатысты кеңес беріп, оларды назарға алды. Ал аналар өтінішіне сәйкес қаржылай қолдау көрсетті. – Тұрғындар тілегін тыңдап, олардың ұсыныстарын билікке жет­кізу депутаттық парызым десем, жа­бырқаған жанға қолдау көрсету – аза­маттық парызым. Әрине, өмір болған соң түрлі жағдай болады. «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдар­ламасында негізгі басымдықтар халық игілігіне бағытталып отыр. Біз партия мүшелері ретінде осы мін­деттерді тиімді іске асыруға бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Еліміз тыныш, халқымыз тоқ болып, жаңа белестерді бағындыра берейік, – деді өз сөзінде Мағжан Ералиев.

Әбілмансұр ЖАСАН