Жануарлар мен құстарға екпе салынбақ
Жануарлар мен құстарға екпе салынбақ
212
оқылды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мә­ліме­­тінше, биыл  жануарлар мен құстарға 150 млн-нан астам екпе салынады.

Олардың айтуынша, жа­н­уарлардың аса қауіпті ау­ру­ла­рының алдын алу және диаг­ностикалау жөніндегі ве­те­ри­нарлық іс-шаралар жос­парына сәйкес, 2021 жылы жануарлар мен құстарды вак­циналау бойын­ша 151 млн-нан астам ма­­ни­пуляция, сондай-ақ 68 млн-нан астам диагностикалық зерт­теу жүр­гізілмек. Осылайша, Қазақ­стан аумағын басқа мем­ле­кет­терден жануарлардың жұқ­палы және экзотикалық ауру­ларының та­ра­луынан қорғап, вете­ри­нарлық-санитарлық қауіп­сіздікті қам­тамасыз етеді. Ха­лықтың ден­саулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау үшін республиканың вете­ринарлық қызметі ветеринарлық-про­фи­лактикалық іс-шара ұйым­дас­тырып, малды уақытылы диаг­­ностикалау және вакциналау жұ­мысын жүргізеді. Ауыл шаруашылығы минис­трлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті осыған байланысты жыл сайынғы им­­­мундық алдын алу іс-шарасын жүргізеді. Ол үшін сертифи­­­кат­­­­талған ветеринарлық препа­рат­тармен қамтамасыз етпек. «Халықаралық Эпизо­­отия­лық бюроның тізіліміне түрлі аурулар мен инфек­­­­ция­­лардың 88 түрі енгізілген. Қа­­­зақстандық тізілімде тек 68 түрі тіркелген. Олар елімізде Кеңес Одағы кезі­нен бері келе жатыр. Қазір оның 45 түрі бойын­ша эпизоотиялық жағдайы тұ­рақты. Ал 23 түріне диагностика және вакциналау бойынша ар­найы ветеринарлық-профи­­­лак­­­­тика­­лық іс-шара жүр­гізіліп жа­­тыр. Оның ішінде жануарлар мен құс­­тарды вакци­налау бойын­ша 151,1 млн ма­нипуляция, сондай-ақ 68,1 млн диагнос­­ти­калық зерт­­­­теулер жүр­­гізу жос­­­­парланып отыр» деп жазылған хабарламада. Министрліктің мәлімдеуінше, тиісті жұмысты жергілікті атқа­­рушы органдар жанындағы мем­­­лекеттік ветеринарлық ұйым биыл ақпан-наурыз айларында бастайды.

 Айбике ЖАНАСЫЛ