Отбасы институтын нығайту маңызды
Отбасы институтын нығайту маңызды
473
оқылды

Мемлекет басшысы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­гра­фиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ләззат Рамазанованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлт­тық комиссияның атқарған жұ­мыс­тары және алдыңғы ке­зеңге арналған жоспарлары ту­ралы есеп берілді. Кездесуде отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылық­тарды сақтауға, әйелдер мен ба­лаларға қатысты зорлық-зомбы­лыққа жол бермеуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған заңнама нормаларын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысының пі­кірінше, заң жобасын пысықтауға орталық және жергілікті атқару­шы органдардың бәрі жұмыл­дырылуы тиіс. Отбасы инсти­ту­тын барлық деңгейде нығайту мә­селелері бо­йынша меке­меара­лық өзара іс-қи­мылдың тиімді регламентін әзір­леу қажет. Президент әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аймақтық ко­мис­сия­лардың жұмыс істеу тәсіл­деріне енгізіліп отырған ұсыныс­тарды қол­дап, оларға азаматтық қоғам­мен тығыз бай­ланыс орнату қажет еке­нін атап өтті. Отбасылық және гендерлік саясат тұжырым­дамасын іске асыру аясында алға қойылған мақсаттар мен міндет­терге қол жеткізу үшін өңір әкім­деріне үлкен жауапкершілік жүк­телуі тиіс. Кездесуде еліміздің қоғам­дық-саяси өміріне әйелдердің араласу мәселесі қозғалды. Мем­лекеттік органдардағы, квази­мемлекеттік және корпоративтік сектор­лар­дағы әйелдердің тең құ­қықтары мен мүмкіндіктерін сақтау олар­дың қызметінің тиім­ділігін ба­ға­лаудың негізгі шарты мен көр­сет­кіштерінің бірі болуы тиіс. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік деңгейдегі қо­ғам­ның әлеуметтік мәселелерін ше­шуге әйелдерді жұмылдыру жоба­сын оң бағалады.