«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қалалық мәслихат депутаты Наргиз Керімбаева кезекті қабылдауын өткізді. Халық қалаулысы азаматтарды қабылдап, оларға заң аясында кеңес беріп, бірқатар мәселенің оңтайлы шешілуіне ықпал етті.
Қабылдауға келген бес баланың анасы Ольга Пономарева күйеуінің жұмыссыз, жәрдемге мұқтаж екенін айтты. Нәтижесінде, аталған азаматшаға материалдық көмек көрсетілетін болды. Үш бірдей мүмкіндігі шектеулі баласы бар азаматша Мадина Тайжанова ДЦП диагнозды балаларына арнайы аяқкиім керек екенін тілге тиек етіп, көмек сұрады. Қабылдау барысында оның өтініші толығымен орындалды. Азаматша А.Орманова да өзіне, күйеуіне және үш баласына арнайы көзілдірік алып беруін сұрады. Бұл мәселе де оң шешімін тапты. Сонымен қатар әлеуметтік және заңгерлік көмек сұрап келген барлық азаматқа консультативтік көмек көрсетілді.Әбілмансұр ЖАСАН