Азаматтардың маңызды мәселесі бар
Азаматтардың маңызды мәселесі бар
5,206
оқылды

«Nur Otan» партиясы  Жамбыл облыстық филиалының  қоғам­дық қабылдау бөлмесінде облыс әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Өңір басшысы орынбасарының қабылдауына келушілер жер алу, тұр­ғын үй, айыппұл төлеу кезінде туын­даған мәселелерді көтерді. Сәйке­сінше, Алмас Өскенбайұлы  қабыл­дауға келушілердің көкейінде жүрген түйткілдердің түйіні  заң шеңберінде шешілетінін жеткізді. Қоғамдық қа­былдауға «Тараз» әлеуметтік-кәсіп­керлік корп­ора­циясының басқарма төрағасы Олжас Қаржауов, облыс әкімдігі Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенова, «Жамбыл су» мекемесінің директоры Марат Смайлов, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмайл арнайы қатысып, азаматтар тара­пы­нан туындаған сауалдарға нақты жауап берді. Қоғамдық қабылдау нәтижесінде облыс әкімінің орынбасарына түрлі мәселемен қайырылған 3 азаматтың өтініші қанағаттандырылды.

Әбілмансұр ЖАСАН