Солтүстікте қар, оңтүстікте жауын-шашын, таулы аудандарда қар жауады. Тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында боран соғады.
Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ, Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман болады.
Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде және таңертең боран соғады.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда облыстарында тұман болады.