От шашамын деп от баспа
От шашамын деп от баспа
178
оқылды

Жаңа жыл мерекесі күні түнгі 12-де әр аймақта міндетті түрде отшашу рәсімі бо­лады. Бұл сәтті тағатсыздана күтетіндер көп. Бірақ адамдарға жақсы көңіл күй сыйлайтын отшашулардың зиянды тұстарын кей адамдар әлі күнге дейін біле бермейді. Расында, пиротехникалық жабдықтардан әлем бойынша зардап ше­­гу­шілер жетіп артылады. Соған қарамастан пайдасынан зияны көп жарқыл­дақ­­­тардың саудасы жыл аяғына таман қыза түсетіні ақиқат. Мереке қарсаңында елі­міз­дегі барлық сауда нүктелерінде қауіпті пиротехникалық жабдықтар самсап тұра­­ды.

Осы ретте, тұрғындардың қауіпсіздігін қам­та­­масыз ету мақсатында төтенше жағдайлар депар­таментінің қызметкерлері жыл сайын мере­ке қарсаңында қауіптің алдын алу мақсатында пиро­техникалық өнімдерді дұрыс қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Олардың айтуынша, жыл сайын ескерту жасалғанымен, пиротехникалық өнімдерден елімізде бірнеше адам зардап шегеді екен. Сол себепті мамандар пиротехниканы созылған қол арақашықтықтығында жағу керек екенін, жа­рамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін от­шашу­ды пайдаланбауды және оны дымқыл жерде сақтамауды қатаң түрде ескертеді.

– Аудан аумағында жергілікті полиция қыз­меткерлерімен бірігіп рейдтік іс-шара ұйым­­дастырылды. Желтоқсан айының 25-нен қаң­тар айының 3-іне дейін жүргізілген рейдтік шара­лар барысында заңсыз, сертификатсыз са­­ты­лып жатқан пиротехникалық бұйымдар анық­­­талмады және тұрғындарға, сатушыларға про­филактикалық жадынамалар табыс етілді, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Байқоңыр» ауда­нының ТЖБ инженері Аслан Жұмабеков.

Ал Алматыда 2020 жылы жаңа жыл түні пиро­тех­ника өнімдерін дұрыс қолданбау салдарынан 3 өрт тіркеліпті. Түнгі сағат 00.18-де Әуезов ауданында 9-қабаттағы пәтердің балконы жанған. Өрттің шығу себебі – петарда ашық балконға түсіп кеткен. Дәл сол күні 00.28-де Наурызбай ауданында жеке тұрғын үйдің ман­сарды отқа оранды. Қызыл жалын 80 шар­шы метр аумақты шарпыған. Өрт 01.40-та ауыз­дықталып, 02.36-да толық сөндірілді. Мұнда да тілсіз жаудың тұтануына петарданың мансардқа түсіп кетуі себеп болған.

Түнгі сағат 00.31-де Алмалы ауданында Grand Asia бизнес-орталығында 5-қабаттан бастап 12-қабатқа дейін керамогранит астына төселген жылытқыш құрал жанып кеткен. Өрт 150 шаршы метр аумаққа жайылыпты. Куәгерлердің айтуынша, петарда қасбет пен қабырға арасындағы тесікке түсіп кеткен.

– Төрт адам зардап шекті: көзі жарақаттанған 10-11 жасар екі бала және көз жанары күйіп қал­ған 39 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Ал 1975 жылы туған ер адамның қолындағы петар ­да жа­рылды. Ол сол қолының жарақатымен ауру­ха­наға жеткізілді. Барлық зардап шегушілер ал­ғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қай­та­рылды, – деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық зат­тарды рұқсатсыз сату фактілерін анықтау үшін ар­найы рейд жүргізілді. Алматы қалалық тауар­лар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы рейд бары­­сында пиротехникалық өнімдерді заңсыз сауда­лап жатқан 59 сауда нүктесі анықталып, 250 дана пиротехникалық өнім тәркіленгенін айтып отыр.

Ал OŃTÚSTIK телеарнасының хабарлауынша, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында пиротехника салдарынан 4 баланың көзіне зақым келген. Сондай-ақ отшашудан қолдары күйіп, жүзін жалын шарпығандар да бары анық­тал­ды. Зардап шеккендер 5-11 жастағы балалар. Олар пиротехникалық жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларына мән бермеген.

Міне, осындай олқылықтар қаншама апат­­ты жағдайлардың көбеюіне себепкер бола­ды. Сон­дықтан сақтық шараларын естен шығар­­ма­ғанымыз жөн. Аталған жағдайға байла­ныс­ты төтенше жағдайлар департаменті барлық сер­ти­фикатталған өнімдердің қорабында өн­ді­рушінің өндіру күні, жарамдылық мер­зі­мі, пиротехникалық өнімдердің әрбір эле­мент­тері­нің салмағы, қолдану нұсқау қаптамасында көрсетілетінін айта келе, ел тұрғындарын осынау деректерге назар аударуға шақырды.

 

Әбілмансұр ЖАСАН