Компьютер клубына келген зауал

Компьютер клубына келген зауал

Қазақстанда әлі күнге дейін қызметіне кірісе алмай отырған бизнес түрі бар, ол – компьютерлік клубтар. Тіпті, тек коронавирус қана емес, басқа да инфекцияларды тарату ошағы деп танылған сауна, монша, фитнес-клубтар да көптеген қалада ақырын-ақырын келушілерін қабылдап жатыр. Ал game клубтарға мемлекеттік бас санитардың қабағы сол күйі жылымады.

Жақсы басталып еді-ау...

Негізі, 2020 жыл компьютерлік және интернет клубтар үшін жақ­сы жаңалықпен басталған. Был­тыр 1 қаңтардан бастап олар тір­келген салықтан босатылды, бұ­ған дейін әрбір компьютер үшін осы салық­ты төлейтін. Содан ойын­шы бала­­лар «компты» сын­дырып тастаса, бұл клуб қожайы­нының жүйкесін жұқартатын, істен шыққан, табыс әкелмейтін «темір» үшін бәрібір салық төлеу қажет. Сондықтан кәсіпкерлер ұзақ жылдан бері Үкіметтен тір­келген салықты жою­­ды өті­ну­мен келді. Себебі ке­­зінде ше­неуніктер компклуб­тарды құ­мар ойындары қатарына қосып жі­берген екен. Мысалы, казинода әрбір ойын үстеліне, әрбір автомат пен ру­леткаға жеке салық салы­натыны мәлім. Әрине, компьютер сонша табыс әкелмейді. Сонымен қатар осы клуб­тардан алым жинайтын басты оператор – «Қазақтелеком» АҚ-ы олар үшін Gamer тарифін іске қосты. Оған сәйкес, монополист интернетке қол жеткізу арнасын екі құрауышқа бөлді: негізгі ағын танымал онлайн ойындарының серверіне бөлінеді (1 Гбит/се­кундқа дейінгі жылдамдықпен), аз бөлігі (100 Мбит/с дейін) же­ліге жалпы қол жеткізуге жұм­салады. Соның арқасында гей­мерлерге пингтің (ping) төмен ша­маларында ойнауға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде, енді кез келген компклуб болашақ ки­бер­спорт­шыға арналған мини-бут­кемпке айнала алатын еді. Осы бетбұрыстарға қарап, сарапшылар елімізде осы бизнес сегменті соны серпінмен, қызу қар­қынмен өркендейтінін бол­жады. Алайда осымен саладағы позитивті өзгерістер аяқталды. Ара­­ға пандемия килікті. Үйлерінде принтері жоқ, керегін үнемі ин­тернет клубтан басып шығарып жүрген тұрғындар амалсыз но­та­риустардың клиентіне айналды.

Кемсітуге не себеп?

Zion компьютерлік клубтар желісінің басшысы Тимур Аста­миров мемлекеттік бас санитар­дың неге осы шағын кәсіп иеле­ріне шүйліккеніне таңданады. «Алдағы наурыз айында Қа­зақстанда компьютерлік клуб­тардың жұмысына тыйым са­лынғанына тура 1 жыл толады. Не үшін жазалағаны белгісіз, осы мерз­ім бойы ашылуға мүмкіндік бермейді, еш жеңілдік жасамайды. Қазір біздің кәсіпке толық тыйым қойылған. Мұның мәнісі біз үшін үлкен жұмбақ! Кейінгі айларда елімізде барлық дерлік қызмет түріне рұқсат етілді. Олар то­­лық­­қанды не ішінара жұмыс іс­теуде. Ал компклубтарға, тіпті орын­­дарының 50%-ын ғана толтырып жұмыс істеуге де рұқсат етпеуде. Мұндай кемсітушіліктің төркіні түсініксіз», – дейді Т.Ас­тамиров. Ол компьютерлік клубтардың індет тарату ошағы болмағанына назар аудартады: осындай клуб­­тың келушілері уланып, не жаппай дерт жұқтырып, жабылғаны ту­ралы естімепті. «Бас санитар 500 шаршы метр­де орналасқан 500 орындық залы бар кинотеатрларға жұмысын жалғастыруға жол ашты. Ендеше 80 шаршы метрдегі 20 орындық клубтарға карантин шараларын сақтай отырып, жұмыс істеуге неге рұқсат етпеске? Ең болмаса, қуатымыздың 50%-ы көлемінде қызмет көрсетуге мүмкіндік берсе дейміз. Санитарлық, індетке қар­­­сы нормаларды толық сақ­тауға, персонал денсаулығының есебін жүргізуге дайынбыз. Клиент­теріміз әлеуметтік қашық­тықты сақтайды, ол қиын емес. Елімізде жаппай вакцинациялау басталды, коронавирус жұқтыру құл­ды­райтын болар. Компьютерлік клубтар – ел экономикасының локомотиві емесін білеміз. Бірақ ауыл-аймақта қаншама шағын және микро кәсіпкер осыдан нәпақа тауып, отбасын асырап отырды», – дейді бизнесмен. Кәсіпкер Алпамыс Са­­­быр­­­­ға­­лиев тағы бір мәселені көтерді, компьютерлік клубтар Meloman және басқа да дүкен­дерден  компью­­­­­­тер­лік ойын­дар сатып алып, компью­­­терлеріне орнатқан. Оны­­­мен іс бітпейді, келі­­сімге оты­рып, сол ойын­­­­дардың зият­­кер­­лік меншік ие­­­леріне ұдайы сыйақы төлеп тұ­руы тиіс. Шет­елдік және ресейлік компаниялар Қазақстан­дағы ка­­­рантинді мойын­­­дамайды, төлем төлемесе, өкілі арқылы сотқа жүгінуі ық­тимал. Кейбір компьютерлік клуб иелері компьютерлерін арендаға таратып беріпті: тұрақты клиент­­­­тері сол арқылы ойнауын да жал­­­ғастырады, әрі қашықтан оқуға пайдаланады. Алайда жабдықпен бірге интернет-топтама қоса ұсы­­­нылмайтындықтан, жай компью­­терді жалдаудан көп табыс түс­пейтін көрінеді.

Цой қарсы, халық та қолдамайды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сала кәсіпкер­лері­нің шағымына жауап берді. Ол Қа­зақстан халқы арасында COVID-19 инфек­циясының кең таралуына тос­қауыл қою мақ­сатында еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері өз қаулысымен былтыр караоке, бильярд, компью­­­­­­­­­­­­­­­терлік  клубтар, түнгі клуб­тар, боулинг орта­лық­тары, жабық ғимараттағы бала­лардың ойын алаңдары, аттрак­циондар, букме­­­керлік конторлар қызметіне тыйым салғанын еске салды. Ал бас мемлекеттік сани­тардың қау­лысына 2020 жылғы 25 жел­тоқсанда қабылданған 4-қо­сым­­шаның 37-бөліміне сәйкес, компью­терлік клубтардың қыз­метіне тыйым әрі қарай ұзар­тылды. «Нысандар қызметін жан­дандыру COVID-19 таралу тәуе­келдерін бағалау негізінде жүзеге асырылады. Компьютерлік ойын клубтары COVID-19 тарату тәуе­келі жоғары объектіге жатады. Се­бебі келушілер жабық жерде, шағын алаңда шоғырланып оты­рады. Бүгінде коронавирус инфек­циясын жұқтырудың өсуіне, ЖРВИ, тұмаумен ауыру маусы­мына байланысты компьютерлік клубтардың қызметін жан­дан­дыруды ерте деп санаймыз», – деді Денсаулық сақтау министрі. Ол қандай да бір нысанның қызметіне рұқсат беру мәселесі вице-премьер Ералы Тоғжанов төрағалық ететін Қазақстан ау­мағында COVID-19 пайда болуы мен таралуына жол бермеу жө­ніндегі ведомствоаралық ко­миссияда қаралып, сонда шешім қабылданатынын қосты.

Кәсіпкер Алпамыс Са­­­быр­­­­ғалиев тағы бір мәселені көтерді, компьютерлік клубтар Meloman және басқа да дүкен­дерден компьютерлік ойын­дар сатып алып, компьютерлеріне орнатқан. Онымен іс бітпейді, келі­­сімге оты­рып, сол ойын­­­­дардың зият­­керлік меншік ие­­­леріне ұдайы сыйақы төлеп тұ­руы тиіс. Шет­елдік және ресейлік компаниялар Қа­зақстандағы ка­­­рантинді мойын­дамайды, төлем төлемесе, өкілі арқылы сотқа жүгінуі ық­тимал.

ДСМ компклубтар қо­жайын­дарына КВИ бойынша эпиде­миологиялық ахуал тұрақ­тан­ғанша, шектеу шараларын әрі қарай да ұстануға кеңес берді. Яғни, әзірге ашылмауы керек. Қашан ашылары беймәлім. Жалпы, ел экономикасы комп­­клубтардың жабылғанын байқа­мады деуге болады. Өйткені олар­дан түсетін салық тым ма­р­­­дымсыз. Оның үстіне, бұл салада қазақ­стан­дық мазмұн жоқтың қасы: үстелдер мен орын­дықтарды айт­пағанда, барлық компью­­­­терлер, оның жаб­дықтары және бағдар­ламалық қам­тылым – ше­телден тасылады. Олар ұсы­натын және геймерлер ара­сында таны­мал компью­терлік, онлайн ойын­дар арасында да отан­дық өнім кездес­пейді. Сондай-ақ өскелең ұрпақ тәр­­­­­биесіне тигізер кесірі де зор. Next қазақстандық бірлестігінің дере­­гінше, осы клубтарға келу­ші­­­лердің ең кіріс әкелетін ауди­­то­­­­риясы – 14-22 жас аралығындағы жастар. Бұл аудиторияда қыздар мен келіншектердің үлесі – 25%. Шыны керек, компьютерлік клубтар өз беделін өзі құртты: бұ­ған дейін тек жаман атымен ғана атағы шықты. Мәселен, по­­ли­цейлер рейд жүргізген сайын олар­да кешкі-түнгі уақытта ойын­­ға көз майын тауыс­қан, ере­­­­сектер­дің қарауынсыз жүр­­ген жасөс­кіндерді табады. Бала кезі­­­нен ойынқұмар, лудоман болса, есіл-дерті сол болса, есей­генде одан қандай маман шығады?! Компью­терлік ойындардың жас ұрпақтың денсаулығына соққы беретінін мамандар үнемі айтып келеді. Оның үстіне, тұрғындар би­ліктің бұл ісін сөзсіз қолдайды: компьютерлік және түнгі клубтар жабылғалы, құлақтары тыныш­­­талғанына риза. Алматылық Гүл­­­зия Қайырова Сайын көшесін­дегі өзі тұратын тұрғын үй бірінші қабаттағы компьютерлік клуб, караоке бар және пиццерия ке­сірінен кеміргіштерге толып кет­кенін жеткізді. «Осы бизнес нысандарымен қаншама жылдан бері алыстық. Қожайындары, бизнесмендер айыпты мойындамайды. Әрі біз­дің өтінішімізге құлақ аспайды, үн қатпайды. Санитарлық нор­ма­ларды сақтамайды. Тұрғын­да­ры­мыз бұрынғы жылдары Әуе­зов ауданының санитарлық-эпи­де­миологиялық сараптама орта­лы­ғына шағым түсірді. Құзырлы ор­­­­­­гандар тексере келе, санитарлық және салықтық бұзушылықтар тапты. Дегенмен тышқандар азай­мады. Тек пандемия жарияланып, бұлар жабылғанда ғана жағдай түзелгендей болды», – дейді ол. Тұрғындар алда карантин ша­ралары жұмсартылып, бұлар қай­та толық күшінде іске кіріссе, кеміргіштер орала ма деп қауіп­тенеді. Елордалық Аслан Елшібеков те бірінші қабатта орналасқан коммерциялық нысандар маза бермегенін еске түсіреді. «Түнгі компьютерлік клубтың клиенттері түнгі сағат 04.00-де топ болып сыртқа шығады. Ұзақ уа­қыт бойы тарамайды, тере­земіздің алдында қақырынып, қарқылдап, шиқылдай күліп, былапыт сөйлеп, айғайлап жүріп алады. Ол аз бол­ғандай, үй жанын­­дағы авто­тұрақта компью­терлік клубтың келушілері жаппай авто­­­көліктерін қояды, оның кейбірінің ақаулы сигна­лизациясы түнде қосылып кетіп, шырт ұй­­қыда жат­қан тұр­ғындарды тегіс оятады. Оның ие­сіне әлде­неше рет талап-шағы­мы­мызды айттық, тиісті нәтиже бермеген-ді», – дейді Аслан. Әзірше, тұрғындар караоке клубтарына қоса, компьютерлік клубтардың да жабылуына орай жан тыныштығына бөленуде. Бұл тыныштық бұзылатын күн жа­қындап қалғанға ұқсайды.

Айхан ШӘРІП