Саясаттағы өнерлі шенділер
Саясаттағы өнерлі шенділер
658
оқылды

Жалпы, адамзатты болмысына, нә­сіліне, тегіне немесе қызметіне қарамас­тан біріктіретін нәрсе болса, соның бірі – өнер. Кез келген саладан өнерлі жандар табылары анық. Бірін білсек, бірін білмес­піз, мемлекеттік қызметте жүрген азамат­тардың да арасында түрлі музыка аспа­бында ойнайтындары жетерлік. Бүгін біз еліміздегі өнерлі шенеуніктерді түгендеп шықпақпыз.

Әуелі көкейде бір сауалдың туары белгілі. Саясатта жүрген жанның өнерге жақындығы әбестік болып есептелмей ме? Негізі, алыс-жақын әлем елдерінің белді саясаткерлерін қарасақ, әрқайсысы өнерден құралақан емес. Және онысын халықтан жасырмайды. Тек әнші, өнерпаздармен жарысып, сахна мен концерт қуалап кетпеуі тиіс. Өнер – тек тамсандырудың амалы емес, әрбірден соң азаматтық позицияны білдірудің құралы. Мәселен, АҚШ-тың 42-президенті Билл Клинтон жас кезінде әйгілі саксофонист болып, музыканы мансапқа жетудің құралы ретінде қарастырған екен. 1993 жылы инаугурация рәсімінде саксофонда ойнап, одан қалды Элвис Преслидің әндерін шырқап, саяси тұлғалардың өнерге жақын болу керегін аңғартты.

Жұрт көзіне қарапайым көрінетін, ауыл шаруашылығы саласын басқарып, қазір Түркістан облысының әкімі болып тұрған Өмірзақ Шөкеевтің джаз стиліндегі әндерді шырқап, саксофонда ойнайтынына көбі сенбес. Әкімнің демалыстағы ермегі саксофон аспабы екенін талай айтқан.

Талай жыл Атырау облысын басқарып, қазір Энергетика министрі болып отырған Нұрлан Ноғаев та өнерден құралақан емес. Батыс жұртын өзінің күйшілігімен талай тамсандырған ол ауыл-аймаққа пен ауданға жол түсе қалса, шеберлерден ылғи домбыра сатып алуға әдеттеніпті. Сол секілді ақындарды ерекше құрмет тұтып жүретін Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың да күйшілігімен аты шыққан. Жұрт көзіне қарапайым көрінетін, ауыл шаруашылығы саласын басқарып, қазір Түркістан облысының әкімі болып тұрған Өмірзақ Шөкеевтің джаз стиліндегі әндерді шырқап, саксофонда ойнайтынына көбі сенбес. Әкімнің демалыстағы ермегі саксофон аспабы екенін талай айтқан. Ал шенділердің ішіндегі өнері озығы сөзсіз Ақтоты Райымқұлова болар. Өзі де елдің мәдениет саласын басқарып отырғанын білеміз. 90-жылдары КСРО Композиторлар одағының мүшесі атанып, өнертану докторы болып, 20-дан астам спектакль мен кинофильмнің музыкасын жазып шыққан. 300-ден аса әннің авторы екені – бір төбе. Дегенмен Райымқұловадан қалыс қалмайтын дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан елдің жадында жақсы сақталғаны белгілі. Бүгінде Парламент Мәжілісінің депутаты мандатында отырған оның халық әндерін орындаудың шебері екеніне сөз жоқ. Асыра мақтағанымыз емес, жырласа делебесі қозбас адам болмас. 1996 жылы фольклорлық ансамбль жетекшісі болған тұлғаның өнерін әлі де сағынатындардың қарасы көп. Алайда халық қалаулысының өнерден алыстап кеткеніне де біраз уақыт болды. Дамыған елдердің көбінде рок және эстрада жұлдыздары белсенді азаматтық ұстанымға ие. Сондықтан елі мен туған қаласының жағдайын жақсарту үшін саясат пен өнерді қатар алып жүруге ұмтылатындары жетерлік. Біз министр немесе әкімі бар, бірқатар шекнеунікті тізіп шықтық. Бәлкім, саясатқа жақын әншіден, өнерге жақын саясаткер болған абзал шығар.

мадиярМадияр ТӨЛЕУ