Тараз қаласы Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан «Қарасу» мен «Жансая» ықшамауданы аралығында арықтың жағалауынан адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, полицейлер оқиға орнына шұғыл жетті.
Жедел-тергеу тобының қызметкерлері арықтан мәйітті алып шықты. Хабар берген қала тұрғыны «Жасыл ел – Тараз» мекемесінде жұмыс істейді. Ол арықты тазалап жатып, қамыстың арасынан адамның мәйітін көріп, тез арада полицейлерді шақырған.
Мәйітке қатысты мән-жайды анықтау үшін сараптама жүргізіледі.