Бесқайнарда арыстан асыраған адам жауапқа тартылады
Бесқайнарда арыстан асыраған адам жауапқа тартылады
188
оқылды

Бұл туралы облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлады.

Арыстанды асыраған адам әкімшілік жауапқа тартылады. Арыстан туралы хабарды Талғар аудандық полиция басқармасына Бесқайнар ауылының тұрғындары айтқан.

Облыстық ІІД Ресми өкілі Ернар Сайдилдин: «Арыстанның иесі – 28 жастағы Алматы қаласының тұрғыны. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 389-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жіберілді», – деді.

Үш жастағы арыстанның денсаулығы жақсы. Зообаққа орналасқанша иесінің қорасында тұрады.