Маңғыстауда есірткі сатқан полицей сотталды
Маңғыстауда есірткі сатқан полицей сотталды
216
оқылды

Отыз жастағы тәртіп сақшысы жазасын түрмеде өтейді. Бұл туралы КТК хабарлады.

Оның есірткі саудасымен айналысып жүргені былтыр жазда әшкере болған. Мұнайлы ауданының учаскелік полиция инспекторы танысына сіріңке қорапшасына салынған марихуана сатқан. Есірткіні сатып алған азамат полицейді бірден ұстап берген. Алайда тәртіп сақшысы кінәсін мойындаған жоқ. Десе де 5 жылға үкім кескен судья оны шенінен айырып, мемлекеттік қызметтен біржола аластатты.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Гаухар Нұрханова: «Өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды. Бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге ҚК 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес, полиция капитаны шенінен айыру туралы жаза тағайындалды», – деді.