11 ақпанға арналған ауа райы болжамы
11 ақпанға арналған ауа райы болжамы
169
оқылды

Атмосфералық ауа ағындарының әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Солтүстікте қар жауады.

Өзге аймақтарда жауын-шашын, оңтүстікте түнде таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болуы мүмкін. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстанда тұман түседі.