Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, бұл жағдай былтыр қазан айында анықталды.
Бұл уақытта балалар сабақты жаппай қашықтан оқып жүрген. 9-сынып оқушысының ынтасы төмендеп, көңіл күйі болмай жүргенін мұғалімдер байқаған. Күдік расқа айналды.
Шымкент қалалық Білім басқармасы Жанат Тәжиева: «Анықталғаннан кейін мектеп ұжымы қызды ата-анасымен бірге дәрігерге апарды. Дәрігерлер анықтады. Оқушы дәрігерлердің қадағалауында. Сонымен қатар бұл оқиғаға қатысты құзырлы органдардың тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді.
16 жастағы оқушының кімнен және қашан аяғы ауыр болып қалғанын полицейлер анықтайды. Аяғы ауыр оқушыға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сабағын әзірше үйден оқиды.