Рұқсатты Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия берді.
Ресейге рейстер саны аптасына 7-ге дейін артты (әр тараптан 3-тен 10 рейске дейін). Нұр-Сұлтан – Мәскеу және Алматы – Мәскеу бағыттарына рейстер саны қосылды: ұшақтар енді аптасына 4 рет ұшатын болады.
Шымкент – Мәскеу және Ақтау – Мәскеу бағыттары бойынша әр тараптан аптасына 1 рейстен қатынайды.
Өзбекстанға – әр тараптан аптасына 4 рейс қатынайды.
Аптасына 4-тен 7 рейске дейін Мальдив аралдарына, Алматыдан Малеге ұшу жиілігі артты.
Алматыдан Бішкекке аптасына 3 рет арлы-берлі ұшуға болады.
Өзбекстанға аптасына 7 рет ұшатын болады. Апта сайын тұрақты рейс Нұр-Сұлтан – Ташкент бағытында қатынайды.
Нұр-Сұлтан – Киев бағыты бойынша әуе қатынасы қайта жанданды. Ұшақ аптасына бір рет ұшады.
Ұшудың нақты кестесі әуе компанияларының сайтында жарияланды.