Әлемдік жұлдыздар Австралиядағы өртке қарсы миллиондаған доллар аударып жатыр
Әлемдік жұлдыздар Австралиядағы өртке қарсы миллиондаған доллар аударып жатыр
80
оқылды

Әлемдік жұлдыздар Австралиядағы орман өртімен күресуге миллиондаған доллар бөледі, – деп хабарлайды РИА Новости.

Marvel кинематография әлемінде Тора рөлімен танымал австралиялық актер Крис Хэмсворт өзінің жазылушыларына орман өртімен күресу үшін миллион доллар қаржысын қайырымдылық ретінде беретінін айтты.

«Сіздер сияқты мен де Австралиядағы орман өртіне қарсы күресуді қолдағым келеді. Менің отбасым және мен миллион долларға қайырымдылық жасаймын. Сіздер де өз үлестеріңізді қоса аласыздар деп үміттенемін», – деп жазды Хэмсворт Instagram-да

Актердың айтуынша, ақша тікелей өрт сөндірушілерге, «майдан шебінде қызыл жалынмен арпалысып, адамдарды, жануарларды құтқарып жатқан жандарды» қолдауға жұмсалады.

Бұған дейін австралиялық-америкалық актриса Николь Кидман аймақтық өрт сөндіру қызметіне жарты миллион доллар бөлді, оны әнші Пинк қолдап, 500 мың доллар қаражат аударған. Қиын сәтте Австралияға көмектесуге шешім қабылдаған актерлер, музыканттар мен шоумендердің тізімін актриса Хилари Дафф, әнші Селена Гомес, актер Рассел Кроу, тележүргізуші Эллен ДеГенерес және басқалар толықтырды.

йтқандай, ақша жинаушылар арасында әйгілі спортшылар да бар. Бұған дейін австралиялық теннисші Ник Кирьос Австралияда қаңтар айындағы бірқатар турнирлердің есебінен өрттен зардап шеккендерге 200 доллардан  аударатынын мәлімдеген болатын. Оның бұл әрекетін отандастары Алекс Де Минаур мен Джон Миллмен қолдады және әлемнің екінші ракеткасы Каролина Плишкова да қосылды.

Ал, ресейлік теннисші Мария Шарапова Австралиядағы өрттен зардап шеккендерге көмектесу үшін 25 мың доллар бөлетінін мәлімдеді, оған әлемнің және бір екінші ракеткасы сербиялық Новак Джокович те қосылды