Орал тұрғыны көмекке мұқтаж кішкентай қызға 15 миллион теңге берді
Орал тұрғыны көмекке мұқтаж кішкентай қызға 15 миллион теңге берді
469
оқылды

Орал тұрғыны Айша есімді кішкентай қыздың ата-анасына 15 миллион теңге аударыпты. Енді әке-шешесі сол қаржыға әке-шешесі қызын шетелге емдетпек. Бұл жайында КТК арнасына хабарлады.

Айша сирек кездесетін Спина Бифида дертіне шалдыққан. Омыртқасына зақым келген. Өздігінен жүре алмайды. Бірақ оған Израиль клиникасының дәрігерлері көмектесуге уәде берді. Алайда операцияның құны – 20 миллион теңге. Ал ата-анасы болса, бұл соманың бір бөлігін ғана жинап үлгерген. Осы ретте көмек күтпеген жерден келді. Орал тұрғыны бірден 15 миллион теңге аударыпты. [caption id="attachment_110316" align="alignleft" width="398"] width= Орал[/caption]

«Көмекке мұқтаж жанға көмектесе алатын мүмкіндік болса, әрекетсіз отырмау керек. Менің де Айша есімді қызым бар. Екеуі жасты. Өз қызыңдай қыздың жүре алмауы, спортзалға бара алмауы, ойнай алмауы жанға батады. Сол үшін көмектестім», – деді кәсіпкер Абай-Ибрахим Камалов.

Айшаның ата-анасы мүлдем бейтаныс адамнан мұндай көмекті күтпегенін мойындады. Олар дереу Израиль клиникасына хабарласып, қазір сапарға дайындалып жатыр. Қазір пандемия мен шекаралардың жабылуына байланысты ата-анасы қызын шетелге апара алмай отыр. Бірақ көктемде қызға операция жасалады деп үміттенеді. Оның денсаулығын жергілікті мамандар қарап жатыр.