Жаңа Зеландияда жиынға галстуксыз келген депутатты парламенттен қуып жіберді.
Жаңа Зеландияда жиынға галстуксыз келген депутатты парламенттен қуып жіберді.
5,201
оқылды

 РИА Новости-дің хабарлауынша, депутат Равири Вайтити парламент отырысына галстуктың орнына жасыл тастан жасалған дәстүрлі «хей-тики» әшекейін таққан.

Ол сауал қоймақ болған уақытта палата төрағасы Тревор Маллард тек галстук таққан депутаттар сұрақ қоя алатынын алға тартқан.  Бірнеше рет тырысқан соң Вайтитиді залдан шығарып жіберген екен.

Равири Вайтити кейінірек «бар мәселе галстукта емес, мәдени айырмашылықта» деп жауап қайырды. Депутаттың сөзінше, ол маори халқының іскерлік костюмін киген. Сол себепті палата спикерінің мұндай әрекет жасауына еш негіз болмады. Вайтити өткен жылы да дәл осындай жағдайға тап болған еді. Ол жолы галстуктан бас тартқаны үшін парламенттен қуылатыны хабарланды.