Қостанайда көшеден 28 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Қостанайда көшеден 28 жастағы ер адамның мәйіті табылды
180
оқылды

Қостанай облысының аумағында бес күн ішінде бірнеше ауыр қылмыс жасалды. Барлық жағдайда қару ретінде пышақ қолданылған.  Бұл туралы alau.kz облыстық полиция департаменті хабарлады.

«Сағат 20:00 шамасында Тобыл қаласында Терешкова көшесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 28 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері екі күн ішінде жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Ол 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Осындай факт келесі күні Рудныйда да тіркелді. Фрунзе көшесіндегі үйлердің бірінің пәтерінде зорлық белгілері бар 45 жастағы ер адамның денесі табылды.