Шымкентте зираттың құлпытасындағы суретті өшіретіндер тағы пайда болған
Шымкентте зираттың құлпытасындағы суретті өшіретіндер тағы пайда болған
181
оқылды

Шымкент тұрғындары мұсылмандар зиратындағы туыстарының қабірлерінің қорлануына шағымданды. Белгісіз адамдар бейіттердегі суреттерді өшіріп, қоршауларды бұзып кетіпті. Бұл жайында otyrar.kz. хабарлады.

Нұрия Ғабдулинаның зиратта жерленген 5 туысы бар. Ауруының салдарынан ол 2 ай бойы зиратқа бармаған. Енді келгенінде ол қорқынышты жайтқа тап болды. Ағасының қабіріндегі ескерткіш бұзылып, бейнесі өшіріліп, анасының қабіріндегі қоршау алып тасталған.

Осындай шағымдарды тағы бірнеше адам жазған. Олар жергілікті қамқоршылардан күдіктенеді. Айтуларынша, зиратта тіпті «ескерткіштердегі суреттерге тыйым салынған» деген белгі бар. Зиратта 100-ге жуық жерлеу орны бар, соның 11 құлпытастің кескіндері өшірілген. Ал күзетшілер болмай шыққан.

Өткен жылы да осындай оқиғалар болған. Кінәлі табылып, ол құлпытастарды қалпына келтіруге мәжбүр болған еді.

«Шариғат бойынша ескерткіш орнатқанда сурет қою қажет емес. Бірақ біз тыйым салмаймыз, азаматтардың таңдау еркіндігін сақтауға тырысамыз. Тірілерді де, марқұмдарды да құрметтеу – шариғат ережесі. Жерлеу рәсімдерін шариғат заңдары бойынша қалай өткізу керек және осы орайда адам құқықтарын сақтау туралы семинар ұйымдастыру жоспарланып отыр», – деді Шымкенттегі Абдурахман мешітінің бас имамы Нәзірхан Ташходжаев.