Депутат ІІІ топтағы мүгедектерге де баспана берілуін талап етті
Депутат ІІІ топтағы мүгедектерге де баспана берілуін талап етті
177
оқылды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Нариман Төреғалиев премьер-министрге депутаттық сауал жолдады.

«Біздің депутаттық сауалымызға мүмкіндігі шектеулі адамдарға берілетін баспана мәселесі себеп болып отыр. Мүгедек адамдарымыз ұзақ жылдар бойы тұрғын үй кезегі арқылы баспананы кезекпен алуға болатынынан  күдер үзіп, күмәнмен қарайтын жағдайға жетті. Оған себеп жоқ емес. Қазіргі 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жанның 10%-ы баспанаға мұқтаж», – дейді депутат.

Сонымен қатар «Мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар» мен «І және ІІ топтағы мүгедектер» санаттары бойынша тұрғын үй кезегін жылдамдату мақсатында «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға халықаралық заңнамалар тәжірибесін зерделей отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. Оған қоса, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар қатарына ІІІ-топтағы мүгедектерді қосуды ұсынды.

«Көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігін ескере отырып, аталған ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында құзырлы уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар беруді және олардың орындалуын бақылауды сұраймыз», – делінген депутат сауалында.