Ақтөбеде әріптесін өлтірген мұғалімге сот үкімі шықты
Ақтөбеде әріптесін өлтірген мұғалімге сот үкімі шықты
178
оқылды

Әріптесін мерт қылған 43 жастағы ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұғалімге қатысты үкім Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды. Сотталушы сотта өз кінәсін толық мойындады.

«Сотталушының кінәсі өз қылмысын мойындаумен бірге, куәлардың жауаптары мен тергеу хаттамалары және сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді. Сот үкімімен Ж. есімді азамат  ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сөйтіп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді», – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Жаза тағайындау кезінде, сотталушының кінәсін мойындағаны, өкінгені, жәбірленушінің кешірім бергені және кәмелетке толмаған балалары болғаны ескерілген.