Елімізде қайталама нарықтағы баспана бағасы қымбаттады
Елімізде қайталама нарықтағы баспана бағасы қымбаттады
218
оқылды

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша қазір елде баспананың бір шаршы метрінің бағасы – 244 мың теңгенің шамасында көтерілген.

Бұл былтырғы  жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17,9 процентке көп. Бағаның шарықтауы Батыс Қазақстан облысында тіркелді. Оралда жылжымайтын мүлік өткен айда 32, ал бір жылда 65 процентке қымбаттаған. Түркістанда да баға 20 процентке өскен.

Ел астанасында қайталама нарықтағы үйдің бағасы бір айда 10,4, ал бір жылда 23,2 процентке көтерілген. Ал Алматы мен Шымкент қалаларында баспана қаңтармен салыстырғанда шамамен 3 процентке қымбаттаған.