Зейнеткерлерді өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Зейнеткерлерді өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
213
оқылды
Алматыда екі зейнеткерді пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. 81 және 89 жастағы қарт кісілерді тонап, айуандықпен өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Сот 2020 жылы шілде айыда О. есімді сотталушы көлік сатып алу мақсатында ерлі-зайыпты К. және А. атты зейнеткерлердің пәтеріне заңсыз кіріп, оларға шабуыл жасап, пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Егде жастағы қариялар қарсылық көрсеткенде, сотталушы оларға бірнеше рет пышақ салған. Қариялар оқиға орнында көз жұмды. Кейіннен сотталушы 500 доллар және 360 мың теңге мен ұялы телефонды ұрлап кеткен», – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі. Айыпталушы кінәсін ішінара мойындаған. «Сот үкімімен О. екі адамды өлтіргені және қарақшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі ең қатал жазаға кесілді. Қатаң жаза сотталушының бұрын да қарақшылық үшін сотталғаны және ол әрекетінен сабақ алмағаны үшін тағайындалды. Кісі қолынан қаза тапқан зейнеткерлер 81 және 89 жаста болған», – деп толықтырды қалалық сот.