Ақтөбеде ер адам 30 жыл бойы іздеген ұлын газет арқылы тапты. Бұл туралы "Диапазон" газеті хабарлады.
Ақтөбелік волонтер Жолдас Белокосов табиғатты қорғауға арналған шараларда жиі ат салысады екен. Жас жігіт қалада ағаш отырғызып жануарларды құтқаруға көмектеседі екен. Дәл осы ерікті ретіндегі қызметі жігіттің әкесімен қауышуына себеп болды.
Әкесі және туыстары Жолдаспен соңғы рет 90-шы жылдары көріскен екен. Олар Жолдасты 30 жылдан астам уақыт іздеген болып шықты. Жақында жігіттің әкесі өткен жылдың қарашасында шыққан газет бетінде "Солдаты подпилили 30-летний клен" деген мақаланы көріп қалып, сол арқылы іздестіріп тапқан.
"Анаммен көріспегелі біраз жыл болды. Маған әкемнің қайтыс болғанын айтқан еді. Сол себепті туыстарымды іздеуге тырыспадым. Керек болмасам, басқаға несіне масыл боламын деп ойладым. Неге екенін білмеймін кейінгі жылдары атаммен кездескім келді", – дейді Жолдас.