ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» РМҚК инспекторлары Атырау қаласының полиция департаментімен бірлесіп өткізген профилактикалық рейдтер нәтижесінде браконьерлерден 360 киік мүйізін тәркіледі.
Атырау облысында 23 жастағы қос күдіктіні полицейлер Геолог ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің маңында қолға түсірген. Бірінші автокөлікті тексеру кезінде 200 дана мүйіз, екіншісінен 164 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді
"Маркасы бірдей «ВАЗ-21014» автокөліктердің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы «ТОЗ-16» аңшы мылтығы табылды. Ал екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен рұқсат құжаты жоқ 4,5 калибрлі «Байкал МР-512» қаруы тәркіленді", – деп хабарлайды Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы «сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Охотзоопром" жануарлар мен өсімдіктердің биоалуантүрлілігі мен гендік қорын сақтау мақсатында олардың пайдаланылуын, өсімін молайтуды және жасанды өсірілуін бақылауды және табиғатты қорғауды жүзеге асырады.