Одақта теңдік сақталуы керек
Одақта теңдік сақталуы керек
324
оқылды

Еуразиялық одақ құрылымдарында Қазақстанның өкілдері тең дәрежеде ұсы­ны­луы керек. Әзірге оларда Ресей өкілдерінің саны басым. Осы мәселені Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында көтерді. Ол интеграциялық бір­лестіктердің жұмыс органдарында Қазақстанның тең шамада ұсынылу прин­ципі сақ­талуға тиіс екенін атап өтті.

Жиында Мәжіліс депутат­тары «2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемле­кет­тердің кеден қызметтерінің бі­­ріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хат­­та­ма­ны ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. Соның ба­рысында олар біріккен ал­қаның әртүрлі бағыт бойынша 10 жұмыс тобының біреуіне ғана қа­зақ­стандық тараптың өкілі, ал қал­ған 9-ына Ресей өкілдері бас­шы­лық ететініне назар аудартты. Бұл мәселе Қазақстан мүд­десін қорғау үшін аса маңызды екеніне екпін түсірген Нұрлан Зайроллаұлы өз саласын үлгі етті: қазақ­­­стандық депу­таттар бар­лық парламенттік ин­тег­рациялық бірлестіктегі тәсіл-көз­қа­­растарды өзгерту бағы­тында үлкен жұмыс жүргізіп жат­қан көрінеді. – Нәтижесінде, қазір оларда толық дерлік ротация жүргізіліп тұрады. Дәл осыған жұмыс ор­гандарында да қол жеткізуіміз ке­рек. Бұл – келісу процесінің жемісі. Яғни, о баста келіссөздер жүргізіліп, құжаттар әзірленгенде біздің «азусыз» келіссөзшілеріміз бәріне бас шұлғып, табан­дамайды. Мұны түзететін кез жетті! – деді Н.Нығматулин. Құпталған бұл хаттама одақ­тас бес мемлекеттің кеден қыз­меттерінің біріккен алқасы ту­ралы шарттың терми­ноло­гиясын ЕАЭО туралы шарттың және ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шарттың ережелеріне сәйкес келтіруге мүмкіндік береді. Се­бебі Кеден одағы Еуразиялық одақ­қа дейін құрылғаны мәлім. Осы жиында палата өзге де ра­­тификациялық заң жобаларын мақұлдап, Сенатқа жолдады. Олар­­дың қатарында «ТМД-ға қа­тысушы мемлекеттердің бас бос­­тандығынан айырумен бай­ланысты емес жазаларды орын­дауды беру туралы конвенцияны» ратификациялайтын, «Мем­ле­кетаралық стандарттау жөнін­дегі құжаттарды тарату туралы келі­сімді ратификациялау тура­лы» заң жобалары бар. Жалпы отырыста Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жо­­басын қолға алды. Оның ара­сында сот жүйесі мен судья­ла­рының мәртебесі, Әкімшілік құ­­қықбұзушылық туралы ко­декске өзгерістер енгізу және сот жү­йесін жаңғырту мәселелері бойынша заң жобалары бар. Сондай-ақ қа­­шықтан жұмыс істеуді құ­­қықтық реттеу үшін Ең­бек ко­дексін же­тілдіретін заң жо­­басы да Мәжі­­ліс­те қаралды.

Айхан ШӘРІП